Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттер мен оқытушылар арасында Декан кубогына мини-футболдан чемпионат өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  «Сұңқар» спорт кешенінде студенттер мен оқытушылар арасында ВжМШТ факультетінің Декан кубогына шағын футболдан чемпионат өтті.

Спорттық жарысқа 1 және 4 курс студенттерінен құралған 5 команда қатысты. Және профессорлық-оқытушылық құрамнан құралған бір команда қатысты.

Нәтижесінде ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды 4-ші курс студенттері (Тоха Д., Баймендиев А., Жалымбеков С., Зейлбек Ш., Мырза А., Төлеген Т., Кушанбай Т.), екінші орынды 4-ші курс студенттері (Умирзаков Б., Аппазов Б., Жумабаев Д., Чахалов М., Алкау А., Каратаев Р.), үшінші орынды 3-ші курс студенттері (Мукаш Е., Әкімгерей Ф., Амантай Н., Қанжігіт Т., Бектан Д., Бауыржан А., Дағыстан Ж.) алды. Үздік шабуылшы - М. Чахалов,  «Үздік қорғаушы» - А. Баймендиев, «Үздік қақпашы» - А. Мырза атанды. Жарсты ұйымдастырушылар ойынның жоғары деңгейде өтуіне себепші болған барлық қатысушыларға алғысын білдіруде.


PDF