17 қараша күні дәстүрлі түрде халықаралық студенттер күні аталып өтіледі. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекцияда шаршап отырған уақыт, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, университет қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағы басқа көптеген естеліктер ойға оралады. Дәл осы күні біздің университеттің белсенділері «Дублер күні» атты іс-шарасын өткізді. Олар жоспар құрып, ректорат отырысын ұйымдастырды. Баяндамалар оқып, презентациялар көрсетті.
«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерінде сапалы білім алу үшін бұрыңғыға қарағанда көп мүмкіндіктері бар. Академиялық мобилділік бағдарламасына қатысып, Польша, Чехия тағы басқа жоғарғы оқу орындарына баруға болады. Орыс, қазақ тілдерімен қоса, ағылшын тілін үйренуге көбірек уақыт бөлулерің керек. Бүгінгі мерекелеріңмен құттықтап, университет қабырғасында өткізілетін іс-шараларға үнемі қатысып жүріңдер» - деді ҚМУ-дың проректоры Ж.Жарлығасов.
Жалпы іс-шара қызықты өтті. Қатысушылар жақсы әсерде қалды.
ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина