Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы бойынша семинар-тренинг

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-мен бірлесіп «Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы бойынша семинар-тренинг өткізуде. Семинар өз жұмысын 2016 жылдың 21 қыркүйегінде бастайды.

Семинарға қатысушылардың өтінімдері 2016 жылдың 16 қыркүйегіне дейін қабылданады. Өтінімдерді университеттің 2-нші корпусы №114 кабинетіне тапсыру керек. Өтінім үлгісі ілеседі.

Семинарға барлық оқу орындардың студенттерін белсенді қатысуға шақырамыз.

Семинардың соңында өз кәсібін бастау, грантқа немесе несие жеңілдіктеріне ілігулеріне көмек болатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ нәтижесінің негізінде куәлік беріледі.

Өтінім үлгісі

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина


PDF