Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Экономика және басқару» атты студенттік интернет-олимпиада

 «Экономика және басқару» атты студенттік интернет-олимпиада

2015 жылдың 10 желтоқсанында «Ғылым және ағарту ісі» Ғылыми-баспа орталығы «БИЗНЕС-КУРС: Максимум» компьютерлік ойынды қолдана отырып II Бүкілресейлік «Экономика және басқару»  аттыс туденттік интернет-олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты: жоо студееттері мен магистранттарының жалпы және қаржылық менеджмент саласындағы дайындық деңгейін және нарықтық бәсеке жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдау қабілеттіктерін анықтау болды. 

Ойынға 30 шақты командалар қатысты. Экономика факультетінің командасының құрамына 5В050900-Қаржы мамандығының 4 курс студенттері Аббасов Виталий мен Шиктыбаева Рабиа, 2 курс студенті Утебаев Рустам болды. Ғылыми жетекшісі– қаржы және банк ісі кафедрасының аға оқытушысы Годунов В.В.

Бұл бизнес-ойын 12.30 - нан  сағат 20.00 дейін өтті.Студенттер виртуалды нақтылық жағдайында жабдықтар сатып алу, жұмыс ауысуды жасау, сапа бақылауға шығындарды есептеу, өнімдерді сату, құнды қағаздармен жұмыс жасау мәселелері бойынша басқармалық шешімдер қабылдады. 

 


PDF