Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Спорттық бағдарламалау бойынша олимпиада

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасында облыстық арнайы орта оқу орындарының студенттері арасында  спорттық бағдарламалау бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиада өткізудегі негізгі мақсат  –   дарынды жастарды анықтау,  оқушыларды біздің ЖОО-мен таныстыру.

Колледж студенттері  олимпиадаға зор ынтамен қатысты.

олимп

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Тулегенов Тасболат (Қостанай политехникалық колледжі, жетекшісі Аскарова М.Б.) – бірінші орынды, Астапенко Артем (Қостанай құрылыс колледжі, жетекшісі Мамедова М.И.) – екінші орынды, ал Саркисян Кристина (М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-нің техникалық-экономикалық колледжі) үшінші орынды жеңіп алды.

олимп

Іс-шараның соңында жеңімпаздар және барлық қатысушылар дипломдармен сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ бағалы сыйлықтарға ие болды. 

олимп3


PDF