Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Спорт – денсаулық кепілі

2016 жылдың 19-шы қарашасы күні ҚМУ-дың гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Денсаулық күні» атты спорттық іс-шара өтті. Жарыс бағдарламасына «Көңілді старт», волейбол, дойбы, үстел теннисі, дартс сынды спорттық ойындар кірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сайыс барысында студенттер мен оқытушылар бірлесе жұмыс атқарып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Айтулы шарадан жарысқа қатысушылар да, қолдауға келген көрермендер де жақсы көңіл-күймен тарқасты.

ГӘФ ұжымы бәсекеге белсене атсалысқан оқытушылар мен студенттерге, жарысты ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз еткен ФжСД кафедрасына, сонымен қатар демеушілік жасаған университет Кəсіподағына шексіз алғысын білдіреді. Білектілер бақ сынаған байқауда жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 


PDF