А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай облысының қорғаныс істері департаменті және «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі жастар жылының аясында үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жан-жақты дамытуға, жастар бастамаларына қолдау көрсетуге, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Келісімге қол қою барысында университет ректоры Алма Досчанова ұлттық рухтың қалыптасуының маңыздылығын атап өтті: «Жастар осы қозғалыстың қатарында болуы керек. Өйткені сіздер дене шынықтырумен айналысып, әскери мамандықтарды игерулеріңіз керек. Бұл бастама Қостанай облысы Қорғаныс істері департаментімен бірге патриоттарды тәрбиелеу процесіне белсене араласуға тиіс.
Өздеріңіз білетіндей, біздің университетте аймақтағы жалғыз әскери кафедра бар. Сондықтан, әскери дайындықтың жағдайын жақсарту өте маңызды, себебі бұл патриоттық тәрбиенің негізі».
Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Асқар Ниязов ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті: «2018 жылдың 30 қарашасында
әскери-патриоттық қозғалысты одан әрі дамытуға және өңірлердегі қозғалыстың филиалдарын құруға кіріскен «Отан, Елбасы, Жас Сарбаз» салтанатты шарасында
«Жас Сарбаз» қозғалысының ашылу салтанаты өтті. Жастардың патриоттық тәрбиесі - әрқайсымыздың міндетіміз. Бұл міндет тек мектеп немесе жоғарғы оқу орын-
дарындағы тәрбиемен шектелмей, біз жастарды өз елін мақтан тұтуға, отандастарын құрметтеуге үйретуіміз керек. Жастарды әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу жұмыста-
рын мақсатты жетілдіру үшін ынтымақтастық туралы меморандум жасалды».
Өз кезегінде «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбай Изимов ардагерлер әскери-патриоттық тәрбие саласындағы бірлескен іс-
қимылдарға және жастарды әскери қызметке дайындауға дайын екендігін атап өтті.