Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Шетел ғалымы И.С. Карабулатова ҚМУ-да дәріс оқыды

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасында филология ғылымдарының докторы, РҒА профессоры (Ресей, Мәскеу қ.) Ирина Советовна Карабулатова арнайы іс-сапармен келіп, дәріс сабақтар өткізді. Сапар барысында профессор Карабулатова И.С. «Филология» мамандығында қазақ, орыс тілдерінде білім алып жақан топтарының студенттеріне және магистранттарына тілдік қатынастар, ономастика, психолингвистика мәселелері, лингвофольклористика, мәдениаралық коммуникацияның этнопсихолингвистикалық мәселелері бойынша дәріс  оқыды. Сонымен қатар,  оқытушылар, магистранттар және студенттер үшін «Эволюцияполилингвокультурной языковой личности в ситуации глобализации и миграции» тақырыбында кеңес жүргізді.

ҚМУ-дың мамандарымен жұмыс жүргізу барысында магистранттарға арналған «Невербальные средства коммуникации в аспекте полилингвизма» пәні бойынша бағдарлама әзірленді (авторлары: Карабулатова И.С., Ахметова Б.З.).

Профессор Карабулатова И.С. халықаралық және ғылыми ынтымақтастық туралы келісімшарт негізінде: электронды-ақпараттық замандағы заманауи тұлға трансформациялануының мега концептуалды феноменін зерделейтін ортақ зерттеулер, жобалар жүргізу ұсынысын жасады.  Алдағы уақытта да осындай маңызы зор арнайы оқыту курстарын өткізу жоспарланып отыр. Студенттердің айтуы бойынша, профессордың дәріс сабақтары кәсіби тұрғыдан қызықты, әрі жоғары деңгейде өтті.

 


PDF