Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасындағы КВН-ның финалдық лигасы

31 қазан күні А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың № 4 ғимараттың 207 дәрісханасында «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында КВН-ның финалдық лигасы өтті. Басынан бастап-ақ көріністің өте қызықты болатыны мәлім болды. Үш кафедраның ең үздік топтары қатысты: «Күлкі терапиясы» Ветеринариялық медицина кафедрасы, «Пружина» МӨӨШТ кафедрасы, «Бес саусақ» Ветеринариялық санитария кафедрасы. Ойын дәстүрлі сәлемдесу, музыкалық тапсырма, үй тапсырмасы кезеңдерінен тұрды.

Бірінші байқау – сәлемдесуден бастап-ақ қатысушы топтар көрермендердің, жүргізушінің және әділ қазылар алқасының  ықласына бөленіп назарларын жаулап алды. Ойынға қатысқан әр сайыскердің өзіндік ерекшеліктері, актерлік шеберліктері өте жоғары болды.

 Ойынның әділ өтуін қадағалаған ИТФ-нің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары – Кәкі мбек Исламбек, АБФ-нің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары – Тлеубаева Зарина, ВжәнеМШТ факультетінің кураторлар кеңесінің төрағасы – Күмүсбеков Еламан, агрономия кафедрасының оқытушысы – Культаева Динара сияқты құзыретті де құрметті әділ қазылар алқасы бағалады.

 Нәтижесінде үздік ойын шеберлігін көрсетіп 1-ші орынға ие болған Ветеринариялық санитария кафедрасының студенттерінен құралған «Бессаусақ» командасы болса, 2-ші орынды «Пружина», 3-ші орынды «Күлкі терапиясы» командалары қанжығаларына байлады.

Ерекше көзге түскен Ветеринария және Мал шаруашылық Технологиясы факультетінің дарынды студенттерін атап өткен жөн: «Үздік әртіс» атағына ие болған – Бақытбек Ақмурзаев, «Ең үздік әртіс» – Асем Жантөре.

Жарайсыңдар, көрермендер сіздердің өнерлеріңізге тәнті болды!

 

ВжМШТ факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары  А. Рагатова

                              

                                                          

 

 

 


PDF