А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «SerpinStart-Up» бизнес-жобалар байқауы болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты - қазіргі шағын және орта бизнестің дамуына студенттерді тарту. Байқауға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Рудный индустриялды институты, сондай-ақ М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетіндегі «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.
Қатысушылар ғылыми жұмыстарын шектеулі уақыт ішінде қорғап шығып, әділқазылар алқасының сұрақтарына дәл жауап қайтара алды. Жобалар сайысының қорытындысына келетін болсақ: 1-орын иесі - ҚМПИ-нің студенті Аяулым Әбілдаева. Ол қозғалысы шектеулі балаларға арналған мультимедиялық және ортопедиялық арбаның үлгісін көрсетті. Ал 2-ші және 3-ші орын иелері – Садық Ерсаят және Тоха Дархан. Байқауға қатысқандардың барлығы алғыс хатпен марапатталды.