А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да «Мәңгілік Ел жастары – Индустрияға» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының грант иегерлері арасында «Serpin Start-Up» интеллектуалдық-инновациялық жобалар байқауы өтті. Байқаудың төрағасы Г. Беркенова қатысушыларға аталған іс-шараның кезеңдері, мақсат-міндеттері жөнінде әңгімелеп, бизнес-жобаларды бағалау критерилері мен баяндамалардың уақыт тәртібі жөнінде ақпарат берді.
Сараптамалық комиссияның шешімі бойынша: 1-ші орынды «Ветеринарлық медицина» мамандығының 2-ші курс студенті, «Инсектицидті дәрілік препараттарды жасау» жобасының авторы Тлеміс Мөлдір (ғылыми жетекшісі: М.Ж. Аубакіров) иеленді. 2-ші орынды жеңіп алған «Ветеринарлық медицина» мамандығының 2-ші курс студенті, «Жануарлар өліктерін техникалық жоюдың қазіргі кездегі әдістері» жобасының авторы Әкім Айдана (ғылыми жетекшісі: Ғ.А.Жабықпаева). Ал, 3-ші орынды «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2-ші курс студенттері, «Қазақстандық білім беру робототехникасы» жобасының авторлары Садық Ерсаят пен Төребек Гаухар (ғылыми жетекшілері: Ж.З. Cатмаганбетова, А.К. Бермагамбетов) жеңіп алды.
Байқаудан өтпей қалған жобалардың жетекшілеріне талдаудан кейін сын-ескертпелер айтылып, жобаның өтелімділігі мен пайдасының тетіктерін қарастыру, нарықтық талдауды жасау әдістері жөнінде ұсыныстар жасалынды. Қатысушылар айтылған ескертпелерді алдағы уақытта ескеретіндіктерін айтты.
ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина