Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) білім беру бағдарламаларының институттық және мамандандырылған аккредиттеуін өткізу жөніндегі стандарттар мен жетекшілігін түсіндіру бойынша семинар

2019 жылғы 21 қаңтарда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Жоғары оқу ішіндегі білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі» атты семинар-тренинг өткізілді.

 

Семинардың мақсаты – сараптама бағалауынан өтуге және аккредиттеу дәрежесін алу туралы шешім қабылдауға ЖОО қызметін және білім беру бағдарламаларын өздік бағалау бойынша есеп құру жөніндегі талаптар мен нұсқауларды түсіндіру.

 

Модератор ретінде Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) білім беру бағдарламаларының институттық және мамандандырылған аккредиттеуін өткізу жөніндегі жобаның жетекшісі Гулияш Балкеновна Ниязова сөйледі.

 

Семинар қатысушылары ТАРА стандарттарымен және критерияларымен,  ЖОО қызметін және білім беру бағдарламаларын өздік бағалау жөнінде есеп құру тәртібімен толық танысты, және де ТАРА сарапшылар тобының сыртқы сапарын өткізу бойынша нұсқама алынды.

 

 

   


PDF