А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы мен Н.Ф. Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университетінің Ресей тарихы кафедрасы келісілген бірлескен ғылыми жобаны жүзеге асыру барысында 2017 жылдың 19-шы сәуірінде бас ғимараттың мәжіліс-залында «Сібір халықтары мен қазақтар: тарих және қазіргі заман» атты онлайн-вебинар өткізді. Шараның модераторы т.ғ.д., профессор А.А. Айтмухамбетов болды.
Кездесу барысында т.ғ.к., аға оқытушы, С.С. Исмаилов, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Г.Б. Кусаинов, кафедра оқытушысы, магистр Д.С. Ергалиева баяндама оқыды.
Вебинарда ХХ ғасырдың басындағы Ресей түрік халықтарында мемлекеттіктің қалыптасу мәселесі, қазақ халқының жүздік бөліну жүйесінің пайда болуы, хақастардың этникалық құрамының қалыптасуы, хақастар мен қазақтардың ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыстары жайлы, Алаш партиясының көшбасшыларының еңбектерінде түрік идеясы туралы қызу талқыланды. Вебинарға қатысушылар бірлескен ғылыми жоба бойынша алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар жөнінде келіссөз жүргізді.