Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының жарлығымен  1997-жылдан бастап атап өтіледі.   

Кезінде қазақ жері  миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған. Бұл көрсеткіш шамамен   1,5 млн.  адамды құрайды.    Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген.  Осы жылдары қазақстанның ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

митинг

Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын Қостанай қаласының тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері және билік өкілдері еске алды. Олар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тарихи деректерге шолу жасады.  

митинг


PDF