18 мамырда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қазақстан – зайырлы мемлекет» атты «Ұрпақтар үні» қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Озат IT мектебі, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ академиясы және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нен 24 спикер қатысты. Пікірталас барысында сайыскерлер еліміздің ішкі және сыртқы саясатына, дін мәселесіне байланысты ой қозғады. Турнирдің бас төрешісі – «Ахмет Ұрпақтары» пікірсайыс клубының 11-ші экс президенті, оқу ордамыздың жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы – Әнуар Бұқабаев.
Турнир нәтижесі төмендегідей:
1 орын – Азамат Камза және Нұрислам Жұмакенов.
2 орын – Малика Манарбекова және Әділхан Нұркеев.
3 орын – Нұрымжан Қайырғали және Расул Абильмажинов.
«Үздік спикер» – Манарбекова Малика.
«Үздік төреші» – Нургалиев Диас.