Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасындағы проблемалық дәріс
25 ноября 2015 жылдың 25 қараша күні «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында «Аудит-Консалтинг» аудиторлық фирмасының директоры Мусабекова Шарбану Адылгазыевна 5B050800-Есеп және аудит мамандығының 3 курс студенттері үшін тәжірибеге бағытталған оқыту шеңберінде «Кәсіпкерлік аймағындағы есеп пен есеп беру» атты проблемалық дәріс оқыды.
Салық заңдарын іс жүзінде қолданған кезде, жұмыс берушілер мен студенттер арасында«диалог алаңшасын» жасауға, студенттердің есеп және аудит саласында біліктіліктерін көтеруге осындай дәрістердің осындай дәрістердің қажеттілігі мен маңыздығын Мусабекова Ш. атап өтті.
2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап ҚР салық заңнамасына енетін негізгі өзгерістер туралы ақпарат, салықтық есеп берудегі, салық қызметіндегі структуралық өзгерістер де студенттер назарынан тыс қалған жоқ.