Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Республикалық «Ең үздік курстық жұмыс» байқауы

2016 жылдың 13 қыркүйегі мен 17 қазан аралығында «Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін «Ең үздік курстық жұмыс» (жоба) атты республикалық байқауы өтеді.

 

Аталған сайыста орта және жоғарғы оқу орындарында күндізгі және сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттер қатыса алады. Жас шеңбері шектеусіз. Ұйымдастырылып жатқан сайысқа жеке автордың өзі ғана қатыстырылады. Байқау жұмыстары 2016 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

2016 жылдың 25 қазанында шығарылатын сайыс қорытындысына сәйкес қатысушыларды I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапаттау көзделеді.

Сонымен қатар, жүлделі орынға иеленбеген қатысушылар қатысушы сертификаттарына ие болады. Сайыстың үздік қатысушысын дайындаған оқытушы мадақтамамен (1-ші дәрежелі диплом) марапатталатын болады.

Толық ақпарат!

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина

 


PDF