Қостанайда ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 45 жылдығына орайластырылған республикалық «Домбыра-думан» фестивалі өтті. Іс-шараға Қостанай, Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарындағы жоғары оқу орындарынан келген дарынды домбырашы жастар қатысты. Фестивальде қатысушылар «Күй» және «Дәстүрлі ән» аталымдары бойынша өнер бәсекесіне түсті. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің 2-ші курс студенті Нұрсұлтан Қасым 2 орынды жеңіп алса, ҚМУ-дың ГӘФ 2 курс студенті Ерсұлтан Жақсыбай және ЭФ 4 курс студенті Абылайхан Әнуаров арнайы жүлденің иегерлері атанды.