Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Республикалық «Ақпаратқа қол жеткізу» вебинары

Өткен аптада А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде «Ақпаратқа қол жеткізу» жобасын қолдау аясында Internews Network өкілдігінің ұйымдастыруымен белгілі журналист, «Айтуға оңай» ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбектің қатысуымен республикалық вебинар өтті.

«Ақпараттық журналистика» тақырыбындағы вебинарға «Журналистика» мамандығының қазақ тобының студенттері қатысты. Тікелей байланыс орнатылған кезде ақпараттық материал тақырыбын анықтау, кейіпкер табу, сұхбат алу сынды өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен қатар аудитория мен тренер арасындағы байланысты сақтауға бағытталған арнайы сұрақ қою бөлімі жұмыс жасады. Журналистика мамандығының студенттері Бейсен Құранбекке журналистикаға қатысты көптеген қызықты сұрақтарын қойды.

Вебинар барысында белгілі журналист өзінің ақыл-кеңестерімен бөлісті. Яғни журналист мамандығы адамға үйретіп қоятын мамандық емес, ол осы кәсіпті меңгеру үшін үнемі ізденісте жүру маңызына тоқталды. Журналист болатын адам әуел бастан өзінің бағытын және бағдарын таңдап алуы турасында да әңгімелеп кетті. Жалпы вебинар болашақ журналистерге және жас журналистерге тағылымы мол жиын болды.


PDF