Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Парасат» цифрлық орталығында. Мәскеу, Челябинск, Қорған және облыс орталығының журналистерінің қатысуымен медиа-форум өтті.
«Ресей-Қазақстан шекарасы - бұқаралық ақпарат құралдарының ынтымақтастығы аймағы» - бұл экономика, саясат, мәдениет және спорт туралы БАҚ-тарды талқылауға арналған дөңгелек үстелдің тақырыбы. Сондай-ақ, екі елдің БАҚ-тарының бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруы барысындағы әрекеттері туралы әңгіме өрбіді.
Форумда алғы сөз университет ректоры Алма Досжановаға берілді.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - «Орал-Евразия» (Екатеринбург) сараптау клубы және «Еуразия әлемі» қоғамдық қоры (Алматы), серіктестері - «Қостанай-Медиа» медиа-холдингі және ҚМУ.
Журналистерге арналған дөңгелек үстелден кейін медиа трендтер мен біздің заманымыздың жаңашылдықтары туралы тренинг өткізілді. Тренингтің спикері - Мәскеуден келген ерекше қонақ, bQ тобының digital агенттігінің тең құрылтайшысы және коммерциялық директоры Дмитрий Бескромный.