А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бас ғимаратының акт залында көптен күткен КВН-нің шешуші сайысы болып өтті. «Ректор кубогін» алуға АБФ «Зачет», ГӘФ «Семь к одному», ВжМШТФ «Ветеринария факультетінің құрамасы», ЭФ «Моя любимая команда» , ВжМШТФ «Типичная ветеринарка» үздік командалары бақ сынасып, тартысты ойын көрсетті.
Таныстырудан бастап-ақ өнерпаздар актерлік қабілеттерімен, әзілдерімен барша көрермендердің, сондай-ақ қазылар алқасын тәнті етті. Жиналғандар әзіл – қалжыңға қарқ болып, өздерінің қошеметтерін аяған жоқ. Ойыншылардың бағасын берген әділ- қазылар мүшелері: Арман Жолданов, Армен Есмаганбетов, Рач Мартиросян, Руслан Алпысбаев, Динара Утебаева және Болат Қалиев. «Сайыс болғасын жеңіс те, жеңіліс те болады» - деп бастаған баға берушілеріміз 3-орынды АБФ-нің «Зачет» командасына, 2-орынды ВжМШФ-нің «Типичная ветеринарка» қомандаларына берсе, «Ректор кубогіне» ГӘФ-нің «Семь к одному» командасын лайық деп таныды.