2019 жылдың 18 қазанда сағ.1100 А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ SMART–ЦЕНТР конференц-залында Тәрбие жұмысының басқармасы, Жастар ісі жөніндегі комитеті және этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының бірігіп ұйымдастыруымен «Ел бірлігі – Рухани келісімде» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялылар, дәстүрлі дін, этномәдени бірлестіктер өкілдері, профессорлық-оқытушылар құрам, БАҚ, университеттің студенттері шақырылды.
Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде Тәрбие жұмысының басқармасының басшысыГ.С.Беркенова, поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы В.Л.Радомский, діни мәселелерді зерттеу орталығының бөлім жетекшісі Д.А.Дисюков, Қостанай қалалық «Жайлаубай Ата» мешітінің наиб-имамы Д.И.Қосылбаев, Қостанай және Рудный Епархиясының православ шіркеуінің діни өкілі, богословия бакалавры Отец Виталий в миру В.П. Клебасөз сөйледі. Өз баяндамалармен сөз сөйлегендер «Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері: Қалғапар Қуаныш 4 курс, Құрбанбек Нургуль 1 курс.
Дөңгелек үстелге қатысушылар халықаралық қауымдастықта біздің елімізде тұратын және біртұтас замануи және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған бірізді саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отырғандығын атап өтті.
Диалог алаңында студенттерді қызықтыратын сұрақтар қойылды.