Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚР Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел

2016 жылдың 18 қазанда А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың бас ғимаратында университет жанындағы Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дінаралық татулық - тәуелсіздіктің тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға ғылым және өнер саласындағы зиялы қауым өкілдері, дәстүрлі дін, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, ҚМУ-дың профессорлық-оқытушылар ұжымы, БАҚ, университеттің1 және 2 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.А. Әбсадықов, Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Н.Әбишев, «Марал Ишан» мешітінің наиб-имамы Бақытжан Икрамұлы, Қостанай және Рудный епархиясының діни қызметкері протойерей Виталий әке сөз сөйледі. «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті Зимина Айсұлу «Конфессияаралық татулықҚазақстандағы ұлттық келісімнің негізі» тақырыбына, «Биотехнология» мамандығының 4 курс студенті Шилова Дарья «Пути познания духовности» тақырыбына, «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенті Аяпова Асемгуль «Модель межконфессионального согласия в РК» тақырыбына баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар халықаралық қауымдастықта біздің елімізде тұратын және біртұтас замануи және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан Қазақстан халқын құрайтын барлық ұлт өкілдерінің толеранттылығын, конфессияаралық және мәдениаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған бірізді саясатымыз қазірдің өзінде кеңінен танылып отырғандығын атап өтті.


PDF