Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚР Президентінің кезекті Жолдауы талқыланды

 

     2015 ж. 9 желтоқсанда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Білім орталығының оқырман залында ҚР ПрезидентініңҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Жолдауды талқылауға университеттің оқу және тәрбие жөніндегі проректоры А.А. Әбсадықов, ҚМУ жанындағы Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Ж.А.Шаукенов, жастар даму орталығыныңөкілі Төлеш Мағзум, э.ғ.д., профессор С.М.Жиентаев және ВФжМТ, ЭФ және АБФ 1,2 курстардың студенттері қатысты.

     

     Дөңгелек үстелдің модераторы Әбсадықов А.А. болды. Профессор С.М.Жиентаев «Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты» сұрағына толық тоқталды.Ж.А.Шаукенов Елбасының жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері туралы айтып өтті. Әлемдік және өңірлік мемлекеттердің арасындағы сала ықпалы экономикалық және саяси күрестің үрдісі ашық көруін атап өтті.

     

     ВФжМТ «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенті Д.Шилова Президент халықтың әлеуметтік жағдайын ешқашан ұмытпаған және осы қиын кезге қарамай халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тырысуда, соның ішінде студенттердің шәкіртақысын 25% көтеруі, бұл жаңалық біздерді қуантты деп айтты.

 


PDF