Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронованың ҚМУ-ға жұмыс сапармен келуі

2016 жылдың 1-ші шілдесі күні, Қостанай облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың азық сапасын талдау зертханасының жұмысымен танысу мақсатында келді. Зертхана 2015 жылы ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінде ашылған. Үш бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бірінші бағыт, оқу барысында студенттерге тәжірибе жасау мүмкіндігін берсе, екінші, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы орын, үшінші, шаруашылық қызметті көрсету мүмкіндігін береді. Зертханада  азықтың химиялық құрамын тексеру үшін, экспресс-талдаулар жүргізіледі. Зертхана Дания және Швециядан әкелінген заманауи жабдықтармен жабдықталған.


 

Ғылыми жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі  проректор Жеңіс Жарлығасовтың айтуы бойынша, Қостанай өңірінде осындай зертханалар аз. ҚМУ-дың зертханасы университеттің мақтанышына айналып отыр. Зертханада сүт өнімдеріне және мал азығына талдау жүргізіледі. Болашақ мамандар үшін, оқу үрдісінде теориямен қатар тәжірибенің маңызы өте зор. Өз мамандықтарының жоғары білікті мамандары болу үшін, студенттер зертханада тұрақты түрде талдау жұмыстарын жүргізулері қажет.

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен келген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова зертханада жұмыстар жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, университет ұжымына жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

 

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы:Алла Чечёткина


PDF