Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттердің Жаһандық саммиттің аясында QS Worldwide-2019 халықаралық конференциясы мен көрмесі өтуде. Биылғы тақырып:"Әлемдік көшбасшылық жолында: адами мұра мен озық технологиялардың үйлесімі".
Пленарлық отырысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б. М. Сапарбаев ашты. Алматы қаласының әкімі Б. Ә. Сағынтаев қатысушыларға қошемет көрсетіп, ағылшын тілінде сөз сөйледі.
Іс-шарада ерекше атмосфера орнады: бүкіл ғылыми әлем Қазақстанға келгендей болды. Сонымен қатар 50-ден астам елдің университеттерінің ректорлары, ғалымдары мен сарапшыларының қатысуымен бірнеше ірі халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Білім, ғылым, озық технологиялар мен рухани құндылықтардың интеграциясы адами капиталды қалыптастырудағы университеттердің рөлін арттыруда синергетикалық әсер береді, еліміздің жоғары қарқынмен дамуына ықпал етеді.