Профессор-оқытушылар құрамының бос орнына конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
2016 ж. 25 шілде
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті профессор-оқытушылар құрамының төмендегі орындарына конкурс жариялайды:
1. Кафедра меңгерушілері – 2:
Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейнгі) білімі, ғылыми дәрежесі және педагогикалық қызметте немесе жетекші қызметінде кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі.
2. Кафедра профессорлары – 2:.
Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
3. Кафедра доценттері - 10:
Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейнгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі.
4. Кафедра аға оқытушылары - 36:
Біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейнгі) білімі; ғылыми-педагогикалық қызметте кем дегенде 3 жыл жұмыс өтілі, соның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде 1 жыл немесе мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі, және/немесе ғылыми дәрежесі.
5. Кафедра оқытушылары – 15:
Біліктілік талаптары: 3 жылдан кем емес мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен жоғары білімі және/немесе магистрдің академиялық дәрежесі.
Конкурс жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарын конкурстық орналастыру Ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қажетті құжаттар аталған хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген күннен бастап бір ай мерзім ішінде мына мекенжайға тапсырылуы керек: Қостанай қ, Байтұрсынов көшесі, 47, персоналды бастқару қызметі. Анықтама телефоны: 8-7142-51-11-65.