ҚМУ-дың «Білім Орталығы» ғылыми кітапханасыда Тәуелсіздік күніне орай экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Жиентаев студенттермен кездесу өткізді. Кездесуге оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры А.А. Әбсадықов және Медиа-студияның меңгерушісі А.Қ. Шаяхмет қатысты. Профессор Сансызбай Мұхаметқалиұлы жас мемлекеттің қалыптасу барысы туралы өз ойларымен бөлісті. «Жас мемлекеттің құрылуы кезінде барлығы да жеңіл болмады. Қазақстан – экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, халық санының өсуінің төмендеуі, жұмыссыздық, экологиялық мәселелер, қылмыс сияқты қиыншылықтарға тап болды. Қазақстан жайлы Батыс Еуропа да, басқа континентте білмеді. Бірақ, біздің Президентіміздің арқасында еліміздің ішкі және сыртқы жағдайы түбегейлі өзгерді. Қазіргі заманғы Қазақстан – тәуелсіз, егемен, тұрақты экономика және ұтымды болашақ жоспарлары бар демократиялық мемлекет. Еліміздің тәуелсіздігін нығайтудағы жастардың негізгі жұмысы – жақсы оқу, Отанға деген махаббат, еліміздің көркендеуіне риясыз еңбек ету» – деді профессор.
Іс-шара С.М. Жиентаевтың қайырымдылық акциясымен аяқталды. Студенттерге профессордың жеке кітапханасынан кітаптар сыйға тартылды. Кітаптардың көп бөлігі студенттердің қолына құрметті профессордың қолтаңбасымен берілді. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта осындай маңызы зор кездесулерді өткізу жоспарланып отыр.