2016 жылдың 14 наурыз күні № 309 дәрісханада есеп және аудит мамандығының 1 және 2 курс студенттері үшін «Қаржылық нарық және делдалдар» пәнінен : «ҚР зейнетақылық жүйесі » тақырыбына мәселелік дәріс өткізілді. Дәрісті ұйымдастырған қаржы және банк ісі кафедрасының оқытушысы Салькина А.С. Дәріске Біріңғай зейнетақы жинақтау қорының салымшыларымен жұмыс жасау маманы Райсов Айдар Керимович қатысты.
Дәріс бойында Біріңғай зейнетақы жинақтау қорының негізгі құрылу себептері, зейнетақы жарнасының түсуі мен төлемдер жасау жолдары, зейнетақылық қордың активтерімен жұмыс және инвестициялық портфелдің әсерлілігі қарастырылды.
Дәріс өте жоғары деңгейде өтіп, студенттер еліміздегі зейнетақы жүйесінің мәселелерін қызу талқылады.