Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттер үйіндегі проблемалық сұхбат

№2 студенттер үйінде өткен «Кәсіби қызметегі мінез-құлық мәдениеті» атты проблемалық сұхбат өтті

21 қараша күні №2 студенттер үйінде «Қаржы және банк ісі» кафедрасының оқытушысы Салькина А.С. экономика факультетінің студенттерімен қызықты семинар өткізді.

Семинар проблемалық сұхбат ретінде болды, әркім өзінің пікірлерімен бөлісіп, проблемаларды шешудің варианттарын қарастырды.

Қай оқу орыны болмасын, онда тұрақты түрде жалпы мәдениетті көтеруге, сөйлеу және ойлау мәдениеті, оқушылардың білім алу мәдениетін дамытуға арналған шаралар өткізіліп тұруы қажет. Өздерінің жеке мәдени мінез-құлықтарының негізінде, педагогтар оқушы қауым арасында өзара сыйластықты, дұрыстықты, өз сезімдерін білдіруде әдептілік сақтауды, басқалармен қарым-қатынас әдептілігін ұстауды, әңгімелесушіні тыңдай білуді үгіттейді. Бұл дағдылардың барлығы оқушылардың болашақ кәсіби қызметтегі бет-әлпеттерін сипаттайтыны сөзсіз. 


PDF