Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Профессор Сафар Әбдуғалиұлы Қолдыбаевтың «Казахстан: нация и национальное самосознание» кітабының тұсаукесері болып өтті

Достық үйінің интеллектуалдық қонақжайы отырысының шеңберінде 2016 жылдың 16 наурызында Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Сафар Әбдуғалиұлы Қолдыбаевтың «Казахстан: нация и национальное самосознание» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.

 

 

Кездесуге ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, азаматтық қоғам институтарының өкілдері, кітапхана қызметкерлері, облыстық орталықтың мектептері, колледждері және ЖОО-ның тарих және қоғамтану оқытушылары  қатысты.

 

Іс-шараның спикерлері т.ғ.к. Т.К.Нұртазенов, т.ғ.д. А.А.Айтмұхамбетов, з.ғ.к. А.Б.Бекмағамбетов, ф.ғ.к. Д.А.Качеев автордың еңбегінің Қазақстанның қазіргі философия және тарих ғылымдары үшін, мемлекеттік саясатты ілгерілету бойынша тұжырамдамалық тәсілдерді қалыптастыру үшін, этносаралық қатынастар, азаматтық бірдейлік және қоғамдағы бірлік пен келісім қағидаларын нығайту үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.


PDF