Халықаралық ынтымақтастық Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті үшін, өте маңызды қызметтің бір түрі. Бұл байланыс білім сапасын әлемдік стандарттарға сай келуін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. ҚМУ әлемдік жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады. Польшаның ең танымал Лодзь жоғары оқу орнымен байланыс, университетаралық ынтымақтастықтың нақ айғағы болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2013 жылдан бастап, академиялық ұтқырлық бойынша әріптестік қарым-қатынастар жүргізілуде. Жыл сайын ҚМУ-дан Лодзь университетіне 5 айға дейін, 10-нан астам студент жіберіліп отырады. 2015 жылы «Халықаралық кредиттік мобильділік – ЖОО-ның оқытушылары мен студенттерінің мобильділігі» жобасы бойынша, ERASMUS + еуропалық бағдарлама аясында екі жақты келісім жасалды. Біздің университеттің студенттерінде шетел елде жоғары білім алудың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Лодзь университетінің басшылығы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері өте еңбекке қабілетті және талпыныстары жоғары екендігін жасырмай айтады.
Жақында Лодзь университетінің ректоры, профессор Влоджимеж Ныкел, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Хұсайн Хасенұлы Валиевке алғыс хат жіберген. Ол хатта университетаралық қатынастардың өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатқандығы туралы айтылды.
ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина