Түлектерді жұмысқа орналастыру және еңбек нарығындағы жағдайларға олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мақсатында 2016 жылдың 12-ші қазанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенттері «ПАРУС-КАЗ» компаниясының өкілімен кездесті.
«ПАРУС-КАЗ» автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйелерді мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық ұйымдар үшін жасайтын, Қазақстандағы ең ірі компаниясы болып табылады. Компания өкілі студенттермен кездесу барысында өз ұйымының ерекшеліктері, қабылдау шарттары, мамандық бойынша жұмысқа орналасу туралы ақпарат беріп, түлектердің сұрақтарына жауап берді.