Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2019 жылдың қазан айында Қостнай қаласында пауэрлифтингтен жастар арасында республика чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысты. Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық инстиутының атынан облыс командасы сапында 2 спортшы қатысты. Заң мамандығының 3 курс студенті Бесекеева Әсем және экономика мамандығының 3 курс студенті Байсалбаева Әлия Жарыстың жүлдегерлері атанды.
7 қазанда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да Ұлы Отан соғысының басталуының 80 жылдығына арналған халықаралық форум өтті.Форум аясында «Күрес пен қайғы-қасірет» атты деректі көрме ашылды.Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуының 80 жылдығына арналған.Оның ашылу салтанатына Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиұлы қатысты, ол үшін арнайы Нұр Сұлтан қаласынан келді. Сонымен қатар, рәсімге Алматы мен Нұр-Сұлтаннан келген қонақтар қатысты. Селим Хазбиұлы қостанайлық тарихшылармен бірлесіп жазылған кітаптың авторы болды. «Қазақстандағы Польша делегациясы, 41-43» Қазақстан, Украина және Польша мемлекеттік мұрағаттарының материалдары негізінде ұжымдық зерттеу. Бұл жерде екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы екі халықтың қарым-қатынасы айқын байқалады. Сондай-ақ «Қазақстандағы поляк делегациясы» кітабының тұсаукесері өтті - бұл екі ел ғалымдарының жұмыстары, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, құпия емес құжаттар мен осы күнге дейін белгілі емес фактілер жарық көрді.Облыстың мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырған көрмеде сол жылдардағы құжаттар, фотосуреттер, анкеталар ұсынылды. Соңында көрме «Екінші дүниежүзілік соғыс және оның мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференцияға ұласты. Жобаның нәтижесі баяндамалар жинағы болады, жарияланған кітап поляк тіліне ғана емес, сонымен бірге ағылшын тіліне де аударылады. Еуропа елдерінің тарихшыларын қазақстандық және поляк ғалымдарының жарияланған еңбектері де қызықтырады.
Хабарландыру           2019 жылы 16 қазанда №1А ғимаратынын 206 аудиториясында сағат 12:00-де «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында түлектерді жұмысқа орналастыру проблемалары» тақырынба университет деңгейінде жұмыс берушілер мен түрлі мамандықтар түлектерінің кездесуі болады.  Кездесуді ұйымдастыру «Экономикалық теорияның ғылыми-әдістемелік мәселелері: теория және практика» атты университеттік семинардың жұмыс жоспарына енгізілген. Семинар жетекшісі - э.ғ.д. профессор С.М.Жиентаев. Жиналыс бағдарламасы қоса берілген.   Өткізу уақыты:  16 қазан 2019 жыл   11.50-12.00 –  жиналыс қатысушыларының тіркеуі 12.00-13.00 – жиналыстың жұмысы   Өткізу орны: Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, корпус №1, ауд. 206,  А.Байтұрсынов көш., 47   Жиналыстың мақсаты: «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру проблемалары және университеттің түлектерін жұмысқа орналастыру Регламент: 10 минут   Жиналыстың жұмысы Баяндамалар:   Исмаилова А.С. - мансап және жұмыспен қамту орталығының басшысы,       Васильчук Е.В. – мансап және жұмысқа орналасу бойынша экономика және құқық институты директорының орынбасары. «Әр түрлі мамандықтағы университеттің түлектерін жұмысқа       орналастыру мәселелері мен болашағы» 2.        Абсадыков А.А. - «Рухани Жангыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі «Студенттер арасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері» Абилькасов С.Н. - ЖШС “Жалқуар” директоры «Қостанай облысының мал шаруашылығы өнімі өндірісінің мәселелері»     (Жанкелді ауданы). Утеулин Н.А - ЖШС «ННН+В» директоры  «Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің мәселелері». Шиндавлетов А.Д. - ЖШС «Даулет – 2005» директоры «Ауыл шаруашылықпен айналысатын әр түрлі жеке меншік шаруаларда жас түлектерді жұмысқа алу мәселелері». Жиентаев С.М. -  НТС төрағасы «Рухани Жангыру» бағдарламасының экономикалық аспектілері.     Талқылау және резолоциясын қабылдау   Қатынасушылар: жұмыс берушілер , әр түрлі мамандықтардың университеттің түлектері,  университеттеің  профессорлар және оқытушылардың құрамы , студенттер   Модератор: д.э.н., профессор Жиентаев С.М.  
Қостанай қаласының «Қостанай-турист» қонақ үйінде «БҰҰ тұрақты даму мақсаттары мен жергілікті жерде оқшаулау тәсілдері» атты тақырыбына семинар өткізілді. Семинар қатысушылары болып жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар, жеке сектор өкілдері мен өзге де тараптар қатысты.  Айта кетсе білім беру саласының өкілдері де семинар жұмысына атсалысты. Осылайша, экономика және құқық институтының атынан семинарға қылмыстық құқық және процесс, мемлекет және құқық теориясы, азаматты құқық және процесс кафедраларының доценттері, оқытушылары мен студенттері қатысты.  Іс-шараны «Экономикалық зерттеу институтының» АҚ стратегиялық бағдарлау мен тұрақты даму орталығының директоры  Бақыткүл Хамбар бастады. Семинар қатысушылары бірнеше топқа бөлініп, БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың жолдарын ұсынған болатын.  Нәтижесінде әр қатысушы сертификатқа ие болды.  
Концерттік бағдарламаны белсенді студенттердің шығармашылық тобы, Бадрисафа би ұжымы және Өнер студиясының әртістері ұсынды. Университет студенттері бірлесе отырып, оқытушыларға алғыс және тілектерін білдіріп, бейне құттықтау дайындады. 40 жылдық тәжірибесі бар, университетіміздің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, ғылым докторлары ҚМУ құрметті профессорлының сертификаттарына ие болды: Қолдыбаев Сапар Абдуғалиұлы - философия ғылымдарының докторы, профессор, Самамбет Мансия Қалмағамбетқызы - профессор, Жиентаев Сансызбай Мұхаметқалиұлы - э.ғ.д., профессор, Саргисян Шушаник Вагановна - профессор, Найманов Досқали Құрмашұлы - ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор. Іс-шараның шарықтау шегі - «Өнер» студиясының хорының орындауындағы соңғы ән болды, оның басты ерекшелігі - от шоуы. Концерт жылы атмосферада өтті және барлық мұғалімдер мен педагогикалық еңбек ардагерлеріне жағымды және жақсы көңіл-күй сыйлады. Сіздерге оқытуда және зерттеуде табыстар, шығармашылық кәсіби жетістіктер, сәттілік, ғылыми еңбектер мен жеңістер тілейміз және жыл сайын мұғалім атын мақтан тұтатын болашақ ұстаздар шоғыры көбейе берсін!
27 қыркүйек күні студенттеріміз Темірлан Имантаев пен Жомарт Қайрош «Жалпыресейлік мемлекеттік әділет университетінің» 50 жылдығына арналған «Экономикалық қарым-қатынастардағы Ресейдің заманауи қылмыстық саясаты» атты халықаралық студенттік ғылыми конференциясында Қостанай облысының атынан қатысты. Конференцияның басты мақсаты білім беру ұйымдарының арасында ғылыми серіктестікті нығайтуға бағытталған шарт жасап, қылмыстық құқық және криминология салаларындағы өзекті мәселелерді талқылау болды. Сондықтан, конференция барысында экономикалық қарым қатынастарды криминализациялау сұрақтары талқыланды. Осы арада біздің студенттер «Кәсіпкерлік қызметті криминализациялау» және «Электрондық коммерциядағы криминалдық тенденциялар» тақырыптары бойынша сөз сөйледі.
6 7 8 9 10