Экономика және Құқық институты (Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті) Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп 2019 жылғы 18 қазанда "Ономастика: ізденіс пен тәжірибе"тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция жұмысына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарихшылары, филологтары, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы, өлкетанушылар, педагогтар, мемлекеттік қызметкерлері, қоғам өкілдері, БАҚ өкілдері, мәдениет қызметкерлері қатысты.
Конференцияның басты мақсаты-тарихи топонимдер туралы мәліметтерді жинау, жүйелеу және реттеу, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін ономастикалық жаңарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Конференцияның пленарлық бөлімінде қазақ ономастикасының көрші елдердің топонимикалық кеңістігімен өткен қазіргі және болашақ Қостанай облысының топонимикасының өзара байланысы, ономастиканың идеологиялық аспектілері, Ақтөбе өңірінің топонимикалық бейнесі, ономастика саласындағы ғылыми-практикалық мәселелер туралы баяндамалар тыңдалды. Ал секциялық жұмыста қатысушылар конференция материалдарын талқылап, пікір алмасты.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.