Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Банкроттық туралы проблемалық дәріс 2015 жылдың 23 қараша күні қаржы мамандығының 4 курсының  Ф12-501-42 тобының студенттерімен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қостанай облысы бойынша қаржы бақылауы инспекциясының № 3 бақылау бөлімінің басшысы Даулетқасым Асылханұлы Сапабековкен кездесуі өтті. Кездесуді ұйымдастыуға белсенді ат салысқан - э.ғ.к., «Қаржы және банк ісі»  кафедрасының доценті Сартанова Н.Т. болды. «Қазіргі жағдайда Қостанай облысы бойынша банкроттар - шаруашылық субъектілері үшін қаржылық бақылауды ұйымдастыру» атты дәріс оқылды.  Кездесу өте қызғылықты түрде өтті, қатысушылар арасында  сындарлы пікір алмасу болды.
Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінде «Мен жастарға сенемін»  атты өнер конкурсыөтті. 2015 жылдың 18-ші қараша күні Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» өнер сайысы өтті. Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің 1-ші курс студенттері әділқазылар назарына өз өнерлерін паш етті. Жиынның әділқазылар құрамында Тегза А. А. – В ж МШТФ деканы, Калиев Б. Н. –  ЦРМИ директоры, сонымен қатар жиынға Литвадан келген қонақтарымыз Гражина Янушнявичене және Жилайтис Витуолис болды. Жиынға қатысушылар вокалды орындау, мәнерлеп оқу, хореография секілді әртүрлі жанрларда өнер көрсетті. Жиын жүргізушілері  Рахым Жазира және Маркен Айбек. Әділқазылар талқысына өздерінің вокалды өнерлерін көрсеткен: Тлеміс Мөлдір, Намазова Акбаян, Жумабаева Гаухар, Ізбасхан Назерке, Нуртазина Сауле, Рахым Жазира, Мырзашова Камила. Аспапта ойнауда өнер көрсеткендер: Дауренов Рустем және Налобин Никита. Мәнерлеп оқу жанырында өнер көрсеткендер Кемал Ұлбике, Қамбар Нұрғали және Шалкар Шарапат. «Еркеназ» би дуэтінде Кадирова Гульнар және Капарова Салтанат көркем үнді биін биледі, Сорокина Анастасия орыс халқының ұлттық биімен өнер көрсетті. Концерт көп көрермендер жинады, олар өздерінің жақсы әсерлерімен бөлісіп, конкурсқа қатысушыларға жаңа жетістіктерге жетуге тілектерін білдірді.  Жақын арада Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің «Мен жастарға сенемін» жастар өнері фестивалінің келесі этапына кім өткені белгілі болады.
№2 студенттер үйінде өткен «Кәсіби қызметегі мінез-құлық мәдениеті» атты проблемалық сұхбат өтті 21 қараша күні №2 студенттер үйінде «Қаржы және банк ісі» кафедрасының оқытушысы Салькина А.С. экономика факультетінің студенттерімен қызықты семинар өткізді. Семинар проблемалық сұхбат ретінде болды, әркім өзінің пікірлерімен бөлісіп, проблемаларды шешудің варианттарын қарастырды. Қай оқу орыны болмасын, онда тұрақты түрде жалпы мәдениетті көтеруге, сөйлеу және ойлау мәдениеті, оқушылардың білім алу мәдениетін дамытуға арналған шаралар өткізіліп тұруы қажет. Өздерінің жеке мәдени мінез-құлықтарының негізінде, педагогтар оқушы қауым арасында өзара сыйластықты, дұрыстықты, өз сезімдерін білдіруде әдептілік сақтауды, басқалармен қарым-қатынас әдептілігін ұстауды, әңгімелесушіні тыңдай білуді үгіттейді. Бұл дағдылардың барлығы оқушылардың болашақ кәсіби қызметтегі бет-әлпеттерін сипаттайтыны сөзсіз. 
О Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ университетінің интерактивті ойын алаңы «жастар ұйымы және жастар рөлі,ғылыми және педагогикалық жұмыскерлер коррупцияға қарсы» тақырыбында 2015 жылдың 18 қарашасында 5В051000- мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығында ,Қостанай облысының ҚР Департамент агенттігінің ,жастар саясатын басқару өкілдері, Қостанай облысының білім басқару әкімшілігі, ҚР ІІМ қостанай академиясы, оқу орындарының ғылыми-оқытушылық құрамдары қатысты. Бейне Конференцияда 2016-2018 жылдары сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында төзімсіздік атмосферасын құру мәселелерін талқылады.
IQ - Интеллектуалдық квест: Қаланың құпиялары 2015 жылдың 14 қарашасында экономикалық факультетте «IQ - Интеллектуалдық квест: Қаланың құпиялары» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара экономикалық факультет студенттерінің және «Спарта» интеллектуалдық клубы мүшелерінің көмегімен ұйымдастырылды. Интеллектуалдық ойын университетіміздің көптеген студенттерінің басын қосты. Ойынға 6 команда қатысты, оларға интеллектуалдық сипатты бірқатар күрделі сұрақтарды шешуге ұсынылды. Биыл тапсырмалар орналасқан станциялар Қостанай қаласының тұрғындары үшін таныс болып табылатын қаламыздың әр түрлі бөліктерінде орналасты. Квест нәтижелері бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды: I орын: "Умные спортики" (экономикалық және инженерлі-техникалық факультеттері студенттерінің құрама командасы); II орын: "Чудаки с ИТФ" (инженерлі-техникалық және ақпараттық технологиялар факультеттері студенттерінің құрама командасы); III орын: "Выхода нет" тобы (экономикалық факультет командасы). Жеңімпаздар бағалы естеліктермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ойыншылар арасындағы Instagram – ға сурет (селфи) салу жеке сайысының жеңімпазы 1 курс студенті Осадчая Анастасия болды.
2015 жылдың 19 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ акт залының сахнасында экономикалық факультетінің 1 курс студенттерінің арасындағы «Мен жастарға сенемін» жыл сайынғы фестивалі өтті. Біздің студенттер көрермендердің назарына әр түрлі жанрлардағы өнерлерін ұсынды: вокалдық орындау, көркемсөз өнері, ерекше жанр және би. Жас таланттарды қолдау үшін фестивальға 5В050600-Экономика мамандығының 4 курс студенті Шукпарова Шолпан және 2 курс студенттері Темірбек Нұрбек пен Айсина Алтынгуль қатысты. Фестивальдың лауреаттары болып атанды: 1.Олжабаева Диана - "Любовь настала" әнімен 5В050600-Экономика мамандығының студенті; 2. Емцова Ася - "Тәуелсіз ел тірегі" өлеңін оқыған 5В050900-Қаржы мамандығының студенті; 3. КВН ойыны бойынша экономикалық факультеттің 1 куср студенттерінің құрама командасы. Қатысушылар дипломының иегерлері болып атанды: 1. Аманжолов Багдат - "И через года" әнімен 5В050800-Есеп және аудит мамандығының студенті; 2. Тукумбаева Эра и Жармухамедова Мариям - «Реальная жизнь» 5В050800-Есеп және аудит мамандығының студенттері; 3. Сейтжан Айнаш - "Анашым" өлеңін оқыған 5В051000-МЖБ мамандығының студенті; 4. Амренова Алмира - "О войне" өлеңін оқыған 5В051000-МЖБ мамандығының студенті; 5. Құрмантай Іңкәр - "Астана" өлеңімен 5В050600-Экономика мамандығының студенті; 6. Кильтаев Азамат – сиқыр өнерінің шебері 5В050900-Қаржы мамандығының студенті. «Сегіз қырлы, біз сырлы» студенттерімізді фестивальға қатысуымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс және жаңа белестерден көріне беруіңіздеріне тілектеспіз! Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге өз үлесін қосқан экономикалық факультетінің студенттік белсенділері Балкин Романға, Кульпеисов Серікке, Карашин Еламанға, Ажигалиева Асельге, Туякбаев Абайға және кештің тамаша жүргізушілері – 1 курс студенттері Казакпаева Жанна мен Хамзин Нуржанбекке алғысымызды білдіреміз.