Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Сбербанк өткізген мастер-класс  2015жылдың 27 қараша күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекттік университеті мен Ресей Сбербанкі арасындағы ынтымақтастық келісм-шарт шеңберінде Қаржы және банк ісі кафедрасының ұйымдастыруымен экономикалық факультеттің студенттері үшін «Сбербанк туралы барлық шындық және онда тәжірибе өту» атты мастер-класс өтті. Мастер-классты персоналмен жұмыс жасау секторының маманы - Тулебаева Екатерина Леонидовна өткізді.  Банк қызметкері өзінің мансабын жаңа құрып жатқан маманның қандай  болулары керек екендігі жөніндегі өз пікірлерімен бөлісті. Қызық та күрделі дәрістен соң студенттер Ресей ДБ АО Сбербанктің белді мамандарына сұрақтар қойу мүмкіншілігіне ие болды. 
Экономикалық факультетте өткен «Менің Президентім»  зияткерлік ойыны 30 қараша күні экономикалық факультетінің қабырғасында бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамын тойлауға арналған «Менің Президентім»  атты зияткерлік ойыны өтті.  Ойынға кафедраның 3 және 4 курс студенттерінің құрамалары қатысты. Ойын 2 турда өткізілді.Бірінші турда құрамалар кезектесіп келесі сұрақтарға жауап берді: еліміздің  даму тарихы туралы,  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасу кезеңдері туралы, тек қана өз еліміздің тарихына үлкен үлес қосқан емес, дүние жүзіне атышулы атақты қазақстандықтар туралы. Екінші турда команда капитандары «Егер мен  Президент болсам» атты шешендік сайыста күш сынасты.
     Бүгін, 2015 жылдың 30 қараша күні А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің конференц-залында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Казақстан халқына  жолдауының тікелей көрсетілімі болды.      Көрсетілімге Университетіміздің басшылары, жеке құрам, профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер және республикалық, жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, ықыласпен тыңдады.      Бір жарым сағатқа созылған биылғы жолдауда Елбасы, елді дағдарыстан еш қиналмай шығатын жолдарын айтып өтті.     Жолдауда ҚР Президенті Н. Назарбаев «Нұрлы жол», «2030-стратегиясы», «100 нақты қадам» ұлт  жоспарымен таныстырды. Одан кейін медицина, білім және әлеуметтік сала өкілдерінің айлығы мардымды көтерілетінін құлағдар етті.       Жолдауды ықыласпен тыңдаған оқытушылар, студенттер Жолдау соңында БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, өз ойларымен бөлісті.
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасындағы проблемалық дәріс 25 ноября 2015 жылдың 25 қараша күні «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында «Аудит-Консалтинг»  аудиторлық фирмасының директоры Мусабекова Шарбану Адылгазыевна 5B050800-Есеп және аудит мамандығының 3 курс студенттері үшін тәжірибеге бағытталған оқыту шеңберінде «Кәсіпкерлік аймағындағы есеп пен есеп беру» атты проблемалық дәріс оқыды.  Салық заңдарын іс жүзінде қолданған кезде, жұмыс берушілер мен студенттер арасында«диалог алаңшасын»  жасауға, студенттердің есеп және аудит саласында біліктіліктерін көтеруге осындай дәрістердің осындай дәрістердің қажеттілігі мен маңыздығын Мусабекова Ш. атап өтті.   2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап ҚР салық заңнамасына енетін негізгі өзгерістер туралы ақпарат, салықтық есеп берудегі, салық қызметіндегі структуралық  өзгерістер де студенттер назарынан тыс қалған жоқ.
«Жемқорлықсыз ел - өркендейтін ел»  18-қарашада «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Жемқорлықсыз ел - өркендейтін ел» атты партияның жобасы шеңберінде ұйымдастырылған үш республикалық конкурстың жеңімпаздарын құрметтеу рәсімі өтті. Нақты жоба Қазақстан Республикасының Спорт және мәдениет министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың қазан және қараша айларында жемқорлыққа қарсы тақырыптарға карикатура сайысы, «Жемқорлықсыз Қазақстан» әлеуметтік жарнама сайысы, сонымен қатар мектеп оқушылары арасында жемқорлыққа қарсы заңдар жөнінен білімдері туралы қашықтықтан олимпиада өткізілді. «Мұндай сайыстар жастар арасында жемқорлыққа деген жағымсыз пікір қалыптастыруға көмектеседі және еліміздегі жемқорлықты жоюға өз үлесін қосады» - дейді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Жұмаш Қаныбек. Сайысқа еліміздің көптеген оқу орындарының оқушылары мен студенттерінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмыстары қатысты. Карикатуралар сайысында 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 2 курс студенті Таңатқанова Арайлым жеңіске ие болды.   Іс-шара жайында  ақпарат  alau.kz порталында  орналасқан.
Дебаттар, болашақ жобалар және т.б. туралы... бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында 19 қараша күні Қостанай кабельдік жүйесінің таңғы «Қайырлы таң» шоуында «арнайы қонақ»  рубрикасында экономикалық факультеттің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушысы Бедыч Евгений Сергеевич қатысты. Ол жүргізуші Евгений Сотниковке алдағы болатын дебат сайыстары туралы, облыстық және республикалық біріншіліктерге біздің университет командасының қалай дайындалып жатқаны туралы айтып берді. Евгений Сергеевич соңғы үш жылдан бері тек өзі ұйымдастырушысы болатын ҚР Іздеу ойын-сауық интеллектуалдық түнгі ойынның кезеңінің аяқталғаны туралы айтып, жүргізушінің  бір-екі арандатушы сұрақтарына жауап берді. Бағдарламаның толық түрде мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://kaztube.kz/video/220470.