Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан тарихы кафедрасымен және Тарих және құқық факультетінің әлеуметтік кеңесімен екі конференция ұйымдастырылды 2015 жылдың 30-шы қарашасында Қостанай мемлекеттік университетінде тарих және құқық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының  және Қостанай облысының жастар ұйымдарының қаымдастығы  Орталығының ұжымдары ұйымдастырған Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Қазақ хандығының қалыптасу тарихы» атты облыстық ғылыми-практикалық  конференция өтті. Конференцияға Қостанай облысының жоғары оқу орындары  студенттері  және колледждердің оқытушылары мен мектеп оқушылары қатысты. Конфренцияда екі секция жұмыс істеді: 1.«Өлке тарихы-елдің тарихы»; 2. «Тәуелсіз Қазақстан тарихы». Конференцияға қатынасушылардың ғылыми жұмыстарын Ерменбаева Г.К. басқарған   Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлар мен оқытушылардан құралған  қазылар алқасы бағалады.   Ғылыми деңгейде және өзіндік авторлық көзқарасымен белгіленген баяндамалар грамоталар мен сыйлықтармен мараппатталды. Барлық конференцияға қатысқандардың өздері де, жетекшілері де сертификтқа ие болды. 2015 жылы 7 желтоқсанда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетінің ғылым жөніндегі Қоғамдық кеңесі үйымдастырған  Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Қазақстан территориясындағы мемлекеттің тарихи-құқық аспектілерінің қалыптасу және дамуы» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Шараның басты мақсаты ретінде Қазақстан территориясында мемлекеттіктің тарихи-құқық даму барысындағы негізгі мәселелерін талқылау болды. Конференцияда  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетінің, гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің, аграрлық-биологиялық факультетінің, экономикалық факультетінің студенттері,ЧелМу Қостанай филиалының студенттері, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының тыңдаушылары, ҚМПИ студенттері  мен олардың ғылыми жетекшілері қатынасты. Конференцияда  төрт секция жұмыс істеді, жеңімпаздар грамоталар мен сыйлықтармен мараппатталды. Конференцияны ұйымдастыруда А.Байтұрсынов атындағы тарих және құқық факультетінің Қоғамдық кеңесінің мүшелері белсенділік танытты. Олар- Исмаилов С.С., Укин С.К., Алдабергенова А.И., Оразбаев О.С., Ибраев Е.Е.  
2015 жыдлдың 4 желтоқсан күні экономика факультетінде басқарма кафедра студенттерінің іскерлік әкімшілік нұмыс берушілерімен: «Қостанай және ММ», «Қостанай облысының қаржы басқарма әкімшілігімен» кездесу өтті.  «Қостанай қаласының аппарат әкімшілігінің қызметтері туралы»  баяндамамен қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы Жылқыбаева Злиха Бертайқызы шықты.  «Қостанай облысының қаржы басқарма әкімшілігінің қызметтері туралы»  ММ бастығының орынбасары Жүсіпова Алма Үтенқызы сөз етті. Кездесу Қостанай облысындағы коррупцияға қарсы және мемлекеттік қызметтер туралы ҚР департаменті агенттігінің және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ арасындағы бірлескен жоспарын күзеге асыру шеңберінде өтті. Кездесу нәтижесінде студенттер мемлекеттік  мекемелердің қызметтері туралы толық ақпарат алды.
«Парасаты жастар»  бизнес-жобалар  байқауының I кезеңі ЭФ-те 2015 жылдың 4 желтоқсаны күні экономикалық факультетте «Парасаты жастар» бизнес-жобалары байқауының I кезеңі өтті.  Деканның ғылыми істер жөнідегі орынбасары э.ғ.к., «Қаржы және банк ісі» кафедрасының доценті Н.Т. Сартанова  басшылық еткен әділ қазылар алқасы экономикалық факультеттің барлық мамандықтарының 30 шақты 1-4 курс студенттері ұсынған 21 бизнес-жобаларды талқыға салды. Қарыстырылған жобалар түрлі бағыттарды қамтыды: тамақ өнімдерін шығарудан, ғылыми технологияны ендіруге дейін. Әділ қазылар алқасы әлеуметтік-экономикалық әсері және нақты негізі бар жобаларды іріктеп алды.
Бокстан халықаралық турнир 2015 жылдың 24-29 қараша күндері Ақтөбе қаласында СССР спорт шебері Бауржан Ақшолақовты еске алуға арналған XVII халықаралық бокс турнирі өтті. Бауржан Ақшолақовты еске алуға арналған дәстүрлі турнирге Казақстан, Ресей, Узбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан боксшылары қатысты. Алтын жүлденің бір иегері Қостанай мемлекеттік унтверситетінің Қаржы мамандығының 2 курс студенті Сеитов Марат Нурланұлы болды. Жеңісімен құттықтап, алда талай жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! "Қаржы және банк ісі" кафедрасының ұжымы.
Қаржы ісі бойыша проблемалық дәріс 2015 жылдың 3 желтоқсаны күні 5В050900-Қаржы мамандығының 4 курс студенттері «Жилстройсбербанк Казахстана» ҚФ директорының орынбасары - Есембеков  Даурен Габдуллаевичпен – кездесті. Дәрісті ұйымдастырған «Қаржы және  банк ісі» кафедрасының аға оқытушысы Кайырбаева Г.К.  «Қазақстан Республикасындағы несиелік қатынастардың даму келешегі» атты дәріс оқылды.  Кездесу қызғылықты түрде өтіп, қатысушылар арасында қызу пікір-талас тудырды.
Рудный қаласында өткен жастар слеті 28 қараша күні Рудный қаласында жастардың жыл сайын болатын слеті өтті.  Бұл жолы ол он бірінші рет өтіп 100 артық қалалардың мектеп, колледж және  ЖОО жастарын жинады. Форумның «Кәсіпкерлік Рудный» атты бір бөлімін өткізуге ҚМУ-нің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасын шақырды. Кафедра оқытушылары белсенді студенттердің көмегімен «Кім кәсіпкер болғысы келеді?» деген оқыту бөлімін өткізіп, тыңдаушылар үшін бірнеше бизнес ойындар ұйымдастырды. Бөлім жұмысы барысында қатысушылар 3 сағат мерзімде қазіргі бизнесмен қандай болуы керек, жетістік стратегиясы мен қоғам және мемлекет алдындағы әлеуметтік жауапкершіліктің ролін талқыға салып, пікір алысты.  Слет қорытындысында студенттер мен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.