Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Стратегиялық менеджмент  бойынша проблемалық дәріс 2015 жылдың 11 желтоқсанда басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасында 6М050700- Менежмент мамандығының студентеріне арналған « Менеджменттегі жобалық әдістеу: әдістемелік, технология, құралдар» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріскер: экономика ғылымдарының докторы, Ф.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті инновациялық және жобалық басқару кафедрасының профессоры Сергей Андреевич Мамонтов. Дәрістің магистранттардың тәжірибелік қолданысында, техникалық жобалык басқарудың өндірісті ұймдастыруында көмегі зор. MS Project жобасын басқаруда магистранттар жаңа бағдарлармен таныстып, жақсы әсер алды.      
Шағын футболдан қыздар арасындағы біріншілік А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ командасы 2015 жылдың 11 желтоқсанында «Сұңқар» спорт клубында қыздар арасында шағын футболдан біріншілік өтті. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің жеңімпазы және бірінші орынның иегері ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің командасы болды. Үздік шабуылшы ретінде - Аманжолова Рауза (В ж МШТФ). Үздік қорғаушы - Алиева Алтыным (В ж МШТФ). Үздік қақпашы - Камешова Сауле (АТФ). Үздік бомбардир - Уразбекова Мадина (ИТФ). Ойын өте қызық күресте  және өте эмоционалдық деңгейде өтті. Екінші орынға таласуға АТФ және ИТФ командалары шықты. Қызу да көңілді ойында, жеңіске минималды есеппен (4:2) ИТФ командасы ие болды. Үшінші орында АТФ комадасы. Барлықтарын құттықтаймыз!!!  
Экономиканы мемлекеттік реттеу бойыша проблемалық дәріс «Елдің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы шешімдерді қабылдаудағы зерттеулер форсайты» 2015 жылдың 11 желтоқсанда басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасында 5В050700- Менежмент және 5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 4 курс студентеріне арналғаынн «Елдің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы шешімдерді қабылдаудағы зерттеулер форсайты» тақырыбында дәріс оқыылды. Дәріскер: экономика ғылымдарының докторы, РФ ғылым және білім Министрлігінің ғылыми-техникалық саласының сарапшысы, РФ жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, П.А. Столыпин атындағы Омск мемлекеттік аграрлық университетінің менеджмент және маркетинг кафедрасының профессоры Стукач Виктор Федорович. Студенттер мемлекетке және біздің аймағымыз үшін экономикалық және әлеуметтік пайда әкелетін стратегиялық зерттеулер мен технологиялардың жаңа әдістерімен танысты.
       2015 ж. 9 желтоқсанда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Білім орталығының оқырман залында ҚР ПрезидентініңҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Жолдауды талқылауға университеттің оқу және тәрбие жөніндегі проректоры А.А. Әбсадықов, ҚМУ жанындағы Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Ж.А.Шаукенов, жастар даму орталығыныңөкілі Төлеш Мағзум, э.ғ.д., профессор С.М.Жиентаев және ВФжМТ, ЭФ және АБФ 1,2 курстардың студенттері қатысты.            Дөңгелек үстелдің модераторы Әбсадықов А.А. болды. Профессор С.М.Жиентаев «Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты» сұрағына толық тоқталды.Ж.А.Шаукенов Елбасының жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері туралы айтып өтті. Әлемдік және өңірлік мемлекеттердің арасындағы сала ықпалы экономикалық және саяси күрестің үрдісі ашық көруін атап өтті.            ВФжМТ «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенті Д.Шилова Президент халықтың әлеуметтік жағдайын ешқашан ұмытпаған және осы қиын кезге қарамай халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тырысуда, соның ішінде студенттердің шәкіртақысын 25% көтеруі, бұл жаңалық біздерді қуантты деп айтты.  
Қазақстан тарихы кафедрасы Міржақып Дулатовтың 130-жылдығына арналған конференция өткізді. 2015 жылдың 10 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік университетінде тарих және құқық факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастырған «Міржақып Дулатов- қазақ ақыны және саяси қайраткер» атты студенттік конференция өтті. Бұл шара ақынның 130-жылдығына арналған еді. Конференцияға университеттің «Ветеринарлық санитария», «МӨӨТ», «Биотехнология», «Аймақтану» мамандықтырының студенттері қатынасты. Конференцияға студенттер ақынның әдеби шығармашылығына, қоғамдық,саяси қызметіне арналған баяндамаларды даярлады, оның соңғы қасіретті жылдарын да сипаттаған баяндама   талқыланды.  Қазақстан тарихы кафедрасы конференцияға баяндама жасаған келесі студенттерге алғыс білдіреді: 1. Нурдиллаева Маржанға 2. Сенбі Айғанымға 3. Жалымбеков Саятайға 4. Кушанбай Толегенге 5. Амиров Бекайдарға 6. Зейн Ұланға 7. Әмірғали Гүлімханға
        2015 жылдың 26 қараша – 12 желтоқсан аралығында Қазақстан тарихы кафедрасына шетелдік ғалымдар Жібек Сыздыкова, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен және Канаданың Калгари университетінен Сәулеш Есенова шақыртылды.        Шетелдік ғалымдар Тарих және Аймақтану мамандықтарының студенттері мен Тарих мамандығының магистранттарына Этнология, Этноқақтығыстар, Аймақтық зерттеу әдістері, Қазақ диаспорасының тарихы, Еуропа және Америка, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас пәндер шеңберінде дәрістер оқыды.        Түркияның сыртқы саясаты, Ресей және Орталық Азиядағы қауіпсіздік проблемалары, Евразийство: теориядан практикаға, Шығыс пен Батыс арасындағы Ресей тақырыптарына арналған профессор Ж.С.Сыздыкованың дәрістерін студенттер үлкен ынтамен тыңдады. Сонымен қатар Тарих мамандығының 4 курс студенттерімен «Жаһандану жағдайындағы жастар» атты пікірталас өткізілді. Доктор PhD С.Б.Есенованың дәрістерінде студенттер әлеуметтік және мәдени антропологияның өзекті мәселелерімен танысты. Көптілді Аймақтану мамандығының студенттері ағылшын тілінде оқылған дәрістерде шетел тілін меңгеру дағдыларын машықтана білді. Студенттермен ұйымдастырылған ғылыми пікір алмасу И.Есенберлинның шығармаларындағы Ұлы қазақ даласының тарихына арналды.