Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасындағы шетелдік ғалымдар 2015 жылдың 8-19 желтоқсан аралығында басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасында шетел ғалымдары дәрістер оқыды: - Стукач Виктор Федорович - экономикалық ғылымдар докторы, П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік университеті менеджмент және маркетнг кафедрасының профессоры, РФ Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-техникалық сферасындағы эксперті, РФ Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қайраткері; - Мамонтов Андрей Сергеевич - экономикалық ғылымдар докторы, Ф.М. Достоевский атындағы  Омбы мемлекеттік университеті инновациялық және жобаларды басқару кафедрасының профессоры.   Шақырылған ғалымдар 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттеріне Экономиканы мемлекеттік реттеу 1 пәнінен, 5В051100-Маркетинг мамандығының студенттеріне Бизнесті ұйымдастыру, Стратегиялық маркетинг пәндерінен, 5В050700-Менеджмент мамандығының студенттеріне Стратегиялық менеджмент пәндері бойынша сабақтар жүргізді, сонымен қатар 6М050700-Менеджмент мамандығының магистранттарына стратегиялық менеджмент 2, кадрлық менеджмент сияқты пәндерден дәрістер оқылды. Студенттер мен магистранттар жоғарыда аталған пәндердің өзекті тақырыптары бойынша білімдерін толықтырды.     Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасы экономикалық факультетте оқытушылар құрамы мен магистранттарды шетел ғалымдарымен «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудегі ғылыми зерттеулер бағдарламасын қалыптастырудың өзекті мәселелері» атты тақырыбында кездесу өткізді. Шетел ғалымдарының келу нәтижесінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен ресейлік университеттер арасында ынтымақтастыққа келісім-шарт жасалды, сонымен қатар Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы туралы келісім-шартты жүзеге асыру жоспары құралды.  
«Қарашалық оқулар» конференциясы Қаржы және банк ісі кафедрасында «Қарашалық оқулар» атты дәстүрлі студенттік ғылыми-теориялық конференцияны қаржы және банк ісі кафедрасы жыл сайын қарашаның аяғы, желтоқсанның басы кезінде өткізеді. Студенттердің бұл шараға қатысулары, оларға аудитория алдында өз жұмыстарын қорғап, жұрт алдында сөйлеу тәжірибесіне машықтандырады, қызығу білдірген тақырыпты тереңнен зерттеуге, іздеу әдістерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.  Конференция жұмысы нәтижесінде Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстар конкурсына іріктеу өткізілді. Отырыс 2015 ж. 10 желтоқсан күні өтті, сағ.14-00, №2 ғимарат, 201 дәрісханада, модераторы – Годунов В.В. Әділ қазылар алқасының құрамында қаржы және банк ісі кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент  Кенжебекова Д.С., т.х.к., доцент Жаналинов Б.Н., э.ғ.к., э.ғ.к.,доцент Сартанова Н.Т., э.ғ.к. Годунов В.В. болды. Доценттер  Жаналинов Б.Н. пен Сартанова Н.Т. қызықты сұрақтар қойып, Қазақстанның қаржы жүйесіндегі кейбір мәселелеріне көіл аудартып, студенттік баянамаларға пікрлерін беріп отырды. Конференция жұмысына қазақ тілінде оқитан топтардан қатысқан студенттер: Жанбосынова Нургуль, Нурмаганбетова Айгуль, 4 курс, Смагұл Алибек, 3 курс, Айсина Алтынгуль Максатовна, 2 курс; орыс тілінде оқитын топтардан: 4 курс студенттері Котельников Владислав, Аманов Танат, Митаева Марьям Абдул-Вагаповна, Аббасов Виталий, Утебаев Рустам, 2 курстан  Досова Мария, 3 курс, және Ержанова Сабина, 3 курстан. Студенттер Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесінің өзекті мәселелерін қозғады: дефляция, проблеммалық несиелер, адамдық капитал, мемлекеттік кәсіпорындарды приватизациялау, электрондық коммерция, девальвация, сақтандыру, салықтық әкімшілік, индустриалдық аймақтар.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің  арасында ғылыми-зерттеулік  жұмыстардың Республикалық конкурсының I туры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім Департаменті жыл сайын  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің  арасында ғылыми-зерттеулік  жұмыстардың Республикалық конкурсын өткізеді. На экономическом факультете КГУ им. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономикалық факультетінде республикалық конкурстың бірінші туры 2015 жылдың 11 желтоқсан күні №2 ғимараттың 103 дәрісханасында өтті. Қазақстан экономикасының дамуының өзекті сұрақтары бойынша 16  баяндама талқыланды: органикалық өнімдер нарығы, мүгедектерді қатарға қосу орталықтарын ұйымдастыру, дәрігерлік қызмет нарығы, ДСҰ, демография, жанама салықтар, орта және кіші бизнес, «жасыл экономика», лизинг, адамдық капитал, мемлекттік кәсіпорындарды жекешелендіру, электрондық коммерция, сақтандыру секторы, салықтық әкімшілік, «Аялдамалар павильондарын ұйымдастыру» жобасы, «Флокирование» жобасы. Конкурсқа келесі студенттер қатысты: Емельянова Ангелина, Радько Марина, Кусманов Тимур, Слюсар Николай, Ауешева Айгерим, Абикеева Динара, Басова Екатерина, Гауэрт Татьяна, Кваша Артем, Морозова Анастасия, Котельников Владислав, Смагұл Алибек, Утебаев Рустам, Митаева Марьям, Аббасов Виталий.
 «Экономика және басқару» атты студенттік интернет-олимпиада 2015 жылдың 10 желтоқсанында «Ғылым және ағарту ісі» Ғылыми-баспа орталығы «БИЗНЕС-КУРС: Максимум» компьютерлік ойынды қолдана отырып II Бүкілресейлік «Экономика және басқару»  аттыс туденттік интернет-олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты: жоо студееттері мен магистранттарының жалпы және қаржылық менеджмент саласындағы дайындық деңгейін және нарықтық бәсеке жағдайында басқарушылық шешімдерді қабылдау қабілеттіктерін анықтау болды.  Ойынға 30 шақты командалар қатысты. Экономика факультетінің командасының құрамына 5В050900-Қаржы мамандығының 4 курс студенттері Аббасов Виталий мен Шиктыбаева Рабиа, 2 курс студенті Утебаев Рустам болды. Ғылыми жетекшісі– қаржы және банк ісі кафедрасының аға оқытушысы Годунов В.В. Бұл бизнес-ойын 12.30 - нан  сағат 20.00 дейін өтті.Студенттер виртуалды нақтылық жағдайында жабдықтар сатып алу, жұмыс ауысуды жасау, сапа бақылауға шығындарды есептеу, өнімдерді сату, құнды қағаздармен жұмыс жасау мәселелері бойынша басқармалық шешімдер қабылдады.   
Қостанай – сыбайлас жемқорлықтан тыс аймақ Желтоқсанның 9-жұлдызында «Мирас» қалалық мәдениет үйінде  Бүкіл әлемдік халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Күнге арналған  «Қостанай – сыбайлас жемқорлықтан еркін аймақ» форумын ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен ұйымдастырды.   Оған облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясының Қостанай областық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мемлекеттік қызмет ардагерлері,  мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, қоғамдық бірлестік, саяси партиялар өкілдері,  5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттері қатысты.  Форум барысында «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық конкурстың жеңімпаздары атанған А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 2 курс студенті А.Таңатқанова марапатталды. Сонымен қатар басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының меңгерушісі Мустафина А.С. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосқан үлесі үшін марапатталды. Департамент басшысы Данияр Үсенов атап өткендей «Бірлескен іс-шаралар жасау өміріміздің барлық салаларында кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға әкеліп соғады».                         
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел 2014 жылдың желтоқсанның 10 жұлдызында ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінде алғашқы елбасымыздың мерекесіне арналған дөңгелек үстел құрылды. Студенттер жиында елбасымыздың өмірбаянын талқылап, оны ұлт көшбасшысы ретінде қарап, қазіргі күннің батыры ретінде есептейді. Сонымен қатар студенттер елбасымыздың соңғы  жолдауын қызу талқылап,  тілге тиек етті.