Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2016 ж. 28 қаңтарда Ахмет Байтұрсынов мұражайы Қазақстан тарихы кафедрасымен бірлесіп қоғамдық қайраткер, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған «Ахмет Байтұрсынов – қазақ ұлтының рухани көсемі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси, публицистикалық, ғылыми қызметтері туралы баяндамалар жасалды. Соңында студенттер мен оқытушылар Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
     2016 жылдың 15 қаңтарында «ИННОВА-2016» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.       Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатысты.        Конференция жұмысы 4 бағыт бойынша ұйымдастырылып, келесі өзекті мәселелер қарастырылды: жоғары мектептегі оқытушының заманауи рөлі, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үрдісін жетілдіру, практикаға бағдарланған оқыту ісін дамыту, жоғары мектеп жүйесіндегі көптілді білім беру: тенденциялар мен перспективалар. Жұмыс нәтижелері бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы жарияланады.  
Біздің студентіміз - «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының» иегері «Ақ-Шаңырақ» мейрамханасында  «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабына» 2015 жүлдегерлерін ұлықтау рәсімінің бал-маскарады өтті. Кәсіпкерлік саласында А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ "Мехатроника" білім беру бағдарламасының бірінші жыл білім алып жатқан магистрантты Карцев Никита иегері болды. Сонымен қатар Никита "Жас кәсіпкерлер мектебі" стартап жобаның Республикалық байқауының жеңімпазы. Оның стартап жобасы мехатрондық құрылғылар мен автоматика ойлап шығару қызметпен байланысты, сондықтан "Мехатроника" білім беру бағдарламасын таңдады. Алдағы уақытта сәттілік пен жеңістер тілейміз.  
     Бүгін біз А.Байтұрсынв атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің стратегиялық даму басқармасының басшысы Ф.Ф. Майермен сұхбаттасып отырмыз. Ол қаңтардың 5 мен 6-сы күндері ҚР БжҒМ білім саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырыстарына қатысты.      - Федор Федорович, Сіз осындай жұмысқа бірінші рет қатысып отырған жоқсыз. Бұрын қандай Ережелерді дайындауға қатыстыңыз және осы жолы қандай іс шараларды атқардыңыздар?     - Шынында да, ҚР БжҒМ жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру  департаменті мені білім саласындағы түрлі құжаттарды әзірлеуге үнемі тартып тұрады. Мысалы, мен қазір біз пайдаланып жүрген кредиттік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру Ережесін, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру жалпыға міндетті Мемлекеттік стандарттарды әзірлегендердің қатарындамын. Ең бастысы, осы құжаттарда менің енгізгендерім: кредит пен академиялық сағат туралы ұғым, оның нәтижесінде студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және ПОҚ оқу жүктемесімен байланысты есептеулерді оқу жұмысының әр түрі үшін кредиттің еңбек сыйымдылығына қатаң бірдей сәйкес келтіру болды. Сонымен қатар,  оқу жұмысының барлық түрлері үшін ECTS кредиттерін қазақстандық кредиттерге және керісінше қайта есептеудің механизмдері берілді. Осы жолы, еліміздің белді бес жоо өкілдері енген жұмыс тобының құрамында біз жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алатын мамандарды дайындауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру Ережесімен айналыстық.       - Қандай жаңалықтар бізді күтіп тұрғанын айтып өтпейсіз бе?         - Қазіргі жағдайдағы үздік жаңалықтар  – олардың болмауы. Жағдай мынадай. Мамандарды дайындау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастырудың негізгі тәсілдері  жоғарыда айтылған құжаттарда келтірілген. Ал, мамандарды дайындау үшін мемлекеттік тапсырыстар орналастылатын жоо анықтау үшін конкурс жариялау жөніндегі шешім менконкурстық құжаттарды дайындау туралы ҚР БжҒМ жеке бұйрығы, талапкерлерден құжаттар қабылдаудың алдында ғана жарияланатын. Осы жерде, жоо өте қысқа мерзімде әр мамандық үшін толтыратын Ақпараттық картаның үлгісі берілетін. Бұл деген қыруар жұмыс қой!      Сондықтан, қазір Ақпараттық картаның үлгісі жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алатын мамандарды дайындауға  арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыратын Ережелермен бірге бекітіледі. Оны біз қайта өңдедік және бұл үлгі жоо алдын-ала белгілі болады. Демек, жоо жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алатын мамандарды дайындауға  арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыратын Конкурс туралы ҚР БжҒМ бұйрығының шығуын күтпей, Ақпараттық карталарды асықпай дайындай алады       - Федор Федорович, осы екі күн ішінде басқа да құжаттармен айналысқан шығарсыз?    - Әрине, жұмыс тобы жоо жоғарғы басшыларының қызметінің тиімділігін(КРІ)  бағалауға қажет басты көрсеткіштерді қолданудың әдістемелігі әзірленіп, КРІ көрсеткіштерін, олардың критерилерінің, өздік салмағы мен есептеу әдістері туралы пилоттық нұсқа жасалды.       - Сұхбатыңызға рахмет.
Профессор Пустуев А.Л.  бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында 2015 жылдың 8-18 желтоқсаны арасында бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасында Орал мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, э.ғ.д., РФ еңбек сіңірген зкономисті, АМОК академигі, РФ жоғары кәсіптік білім  саласының құрметті қайраткері -  Пустуев Александр Леонидович дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізді. Пустуев А.Л. 5В050800-Есеп және аудит и 5В050600-Экономика мамандықтарының 4 курс студенттері үшін «Есеп және банкроттықты бағалау» және «Кәсіпкерлік» пәндерінің өзекті сұрақтары бойынша дәрістетоқыды. Сонымен қатар 6М050600-Экономика мамандығының магистраннтарымен кездесулер өткізіліп, олаға ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі қағидалары бойынша кеңестер берілді. Орал мемлекеттік аграрлық университеті мен кафедра арасында халықаралық ғылыми конферецияларға қатысу, бірлесіп оқыту құралдарын жазу және студенттер мен ПОҚ ұтқырлығы туралы келісмдерге қол жеткізілді.        
Шетелдік ғалымдар ақпараттық технологиялар факультетінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасына Санкт-Петербург  ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінің, мехатроника кафедрасының профессоры, техникалық ғылымдарының докторы, ААҚ "Концерн "ЦНИИ Электроприбор"  бас метрологы Грязин Дмитрий Геннадьевич сабақтарды өткізу үшін шақырылды   Осы сапар барысында профессор бірнеше кездесулер өткізді, сонымен қатар Мехатроника дайындау бағыты бойынша 6М072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының магистранттарына іс-шаралар жүргізді. Өткізген сабақтары бойынша, магистранттар көптеген жаңа ақпараттық құрылғыларды және олардың мехатроникада қолдануын білді. Профессор Грязин Д.Г., Ресейдің жетекші институтінің бас метрологы ретінде, жоғары навигация, гироскопия, гравиметрия және теңіз радио байланысы бойынша орнықты-ізденістік зерттеулерде, өндірісте  өнімдерді жүзеге асырудың әр түрлі бағыттары бойынша үлкен тәжірибелі ғалым-маман. Ол сабақ және кеңес өткізу барысында өзінің тәжірибесімен бөлісті. Кафедра профессордың қатысуымен «Техникалық ғылымдар саласы бойынша білім беру мәселелерінін өзекті сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша студенттік алмасу, конференцияларға қатысу, оқытушылардың біліктілігін арттыру, ғылыми тағылымдама және т. б. ниеттері жоспарланған хаттамаға қол қойылды.