Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Елбасының бастамасымен 1 наурыз жаңа мейраммен толықты. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.  Алғыс айту күні гуманитарлық-әлеуметтік факультет студенттері мен оқытушылар қауымы қуаныш, шаттық сыйлай отырып, бір-біріне алғысын білдірді: біреулері радиоқұттықтауларын жолдаса, басқалары «Алғыс айту қабырғасында» жазбаша түрде өз лебіздерін, ризашылықтарын білдіріп жатты.   Сонымен қатар, С.Т. Жумарованың ұйымдастыруымен практикалық психология зертханасы негізінде 1 курс студенттері арасында рухани-адамгершілік, патриоттық бағыттағы «Толеранттық – бейбітшілікке апарар жол» атты семинар-тренинг жүргізілді. Бұл атаулы күн еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі болады деген сенімдеміз. Оның Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі жылында тұңғыш рет тойлануы да жақсы нышан.    
А.Байтұрсынов атындагы ҚМУ-нің Инженерлік Техникалық факультетінің студенттері, 1 наурыз "Алғыс күніне" арналған мереке қарсанында Ұлы Отан соғысының ардагері Степурин Николай Пантилеевичпен жолықты. Ұлы Отан соғысының ардагері студентермен, жас ұрпақпен ағымдағы саясат туралы сыр шертіп,азық-түліктерді тарту етті.  Николай Пантелеевич 1926 жылы 1 мамырда дүниеге келді. Әскерге шақырылып, жеті жыл уақытын сонда өткізді. 43-45 жылдары Эстония, Польша, Германия елдерінде, яғни үшінші балтық жағалауының фронтында қан төкті.  Николай Пантилеевич жас студенттермен естелікке суретке түсті.Қол алысар кезде, өзінің шексіз алғыстарын білдіріп,жылы сөздер айтты. Әр студент бейбітшіл елде тұрып жатқандарына алғысын білдірді, ол кісіге әрқашан қайта қонаққа келіп тұратынын айтты.
2016 жылдың 25 ақпанында № 307 дәрісханада 5В050900-Қаржы мамандығының 3 курс студенттері үшін Банк жүйесіндегі заманауи технологиялары пәнінен: «Қарыз алушының борыш төлей алатындығын анықтаудың банктік технологиялары» атты мәселклік дәрісті қаржы және банк ісі кафедрасының аға оқытушысы Кужукееева К.М. «Сбербанк» АҚ ЕБ кіші бизнеспен жұмыс жасайтын бөлімнің басшысы Задорожная Елена Александровнаның қатысуымен өткізді. Дәріс өте жоғары теориялық және тәжірибелік деңгейде өтті.  Қостанай қалалық «Сбербанк» АҚ ЕБ жұмысы негізінде қарыз алушының борышын төлей алатындығын анықтаудың банктік технологияларының мәселелері терең талданды.   
«Экономика және басқару»  атты III Бүкіл Ресейлік студенттердің интернет-олимпиадасы (компьютерлік іскерлік ойындарды пайдалану «Бизнес курс – максимум»)   2016 жылы 16 ақпанда «Экономика және басқару» (компьютерлік іскерлік ойындарды пайдалану «Бизнес курс – максимум») атты III Бүкіл Ресейлік студенттер интернет-олимпиадасына 5В051000-МжЖБ, және 5В050700-Менеджмент мамандығының студенттері қатысты. Олимпиаданы өткізу ережелері мен Регламенттеріне сәйкес олимпиада «Ғылым әлемі» ҒЗО базасында өткізілді. Л.И. Вострецов –ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Ғылым әлемі» ҒЗО директоры олимпиада әкімшісі болды. Олимпиада өткізудің мақсаттарды жоғары оқу орындарындағы студенттер мен магистранттардың негізгі және қаржы менеджменттің дайындық деңгейлерін және нарықтық бәсекелестік жағдайында олардың басқарушылық шешімдерін қабылдау қабілеттілігін анықтау. Олимпиада компьютерлік базада іскерлік  (кәсіптік) ойындар «Бизнес курс:Максимум» ұжымдық жарыс түрінде өткізілді. Олимпиада да орындар рейтингке кәсіптік ойындарға командалық- қатысушылардың жинақталуымен байланысты бөлінді. Бір командада 3-тен артық адам қатыстырылмады. Басқару және іскерлік администрация кафедрасынан ұжымынан 2 команда қатысты. «Эффект»  командасы  Балкин Р.И.- мамандығы 5В051000-МжЖБ, 4 курс; Максут А.Р. - мамандығы 5В051000-МжЖБ, 3 курс; Абишева К.А.- мамандығы 5В051000-МжЖБ,3 курс. 2. «Халықтар достығы» командасы  Магамбетов Р.А.- мамандығы 5В050700-Менедмент, 4 курс; Кусманов Т.Б.- мамандығы 5В050700-Менедмент, 4 курс; Айтпаев К.К.- мамандығы 5В050700-Менедмент, 4 курс. Ойын 10-15 минутқа созылған ойындық айналымнан тұрды. (1 айналым 1 айды қамтиды) Біздің командалар 17 ойын айналымын ұстай алды.    Жүлделі орын ала алмаған қатысушылар қатысқаны үшін мадақтама және сертификаттармен марапатталады. Негізінен интернет- олимпиадаға қатысуды үлкен жетістік деп санауға болады ,өйткені біз бұл іс шараға және команда ретінде қатыстық олимпиаданы ұйымдастырушылык біздің студенттер жайлы жақсы пікір қалдырды      
Аяла, мені аяла!  Мейірім. Әсіресе, ана мейірімі бала үшін өте қажет. Ананың ыстық алақанына ештеңе жетпейтін шығар. Ана өз баласын ешқашан жаман болсын демейді. Балалары үшін мейірімді аямайды. Ал менің бүгінгі кейіпкерлерім ата – ана мейіріміне зәру жандар. Ата – ана мейірімнен айырылған жандар. Көздері жәудіреп, жан – жақтан мейірім іздейді. Аялы алақан іздейді.  Біздің аграралық – биологиялық факультетінде дәстүрлі «Бақытқа бірге жетеміз» деген қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып тұрады. Бұл акция аясында, 17.02.2016 ж., біздің факультеттің студенттері Қостанай қаласында орналасқан «жетім балалар және ата-ана қамқорлығынан айырылған №2 балалар мектеп –интернатына» көмек қолын созды. Біздің мақсатымыз жетім және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару, оларды адмгершілік – рухани дамуына ықпал ету. Балаларға бір сағат болса да мейірім сыйлап, қуанышқа бөлеп, жүздеріне күлкі үйірлету еді.  Бізді балалар үйінің тәрбиешелері қуана қарсы алды. Негізі балалар қонақжай екен. Бірге би билеп, өлең айтып, ойын ойнап, аз да болсада балалардың көңілін көтердік.  Біз оларға өз сыйлығымызды табыс еттік.  Бірақ көздерінде үлкен мұң бар екені көрініп – ақ тұр. Кетер кезде, бәріміз қимай қоштасып, тағыда келетінімізді айттық. Енді Наурыз мейрамы кезінде тағы да балалармен кездесуді жоспарлап отырмыз.  Мейірімділік пен сүйіспеншілік біздің өмірімізді және көңілімізді таза әрі жарық қылады деген ойдамын. Әр баланың көзінен оқығаным, мына өлең жолдарындағыдай еді: Кімге ұқсатам білмеймін қандайымды, Апа бір кеп иіскеші маңдайымды. Ақуызға толмаған таңдайымды, Толтырайын айтумен жағдайымды.  А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ АБФ Биология мамандығы І курс студенті Байдильдина Сымбат.            
2016 жылдың 12 ақпанында № 307  дәрісханада 5В050800-Есеп және аудит  мамандығының 2 курс студенттеріне "Қаржылық нарық пен делдалдар" пәнінен  «Депозиттік нарық және оның қаржылық құралдары» тақырыбына мәселелік дәріс оқылды. Дәрісті ұйымдастырған қаржы және банк ісі кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к., Годунов В.В. мен оқытушы Салькина А.С. Дәріске   «Медео» ұжымының басшысы Ахметова Салтанат Болатқызы қатысты. Дәріс өте жоғары деңгейде өтті.  Депозиттік нарық және оның қаржылық құралдарының қазіргі жағдайдағы мәселелері талқыланып, депозиттік нарықтың роліне көңіл аударылды. Костанай қ. ҚК «Сбербанк» негізінде өте сенімді банктік салынымдардың түрлері қарастырылды.