Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2016 жылдың 25 ақпанында экономикалық факультеттің 103 аудиториясында «ҚР заңнамалық билігін қалыптастырудағы жастардың орны» тақырыбында участкелік сайлау комиссиясы мүшелерінің, факультеттің профессорлы-оқытушылық құрамының және экономикалық мамандықтардың 1-3 курс студенттерінің қатысуымен ортақ отырыс өткізілді.  Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты студенттік жастарды өз азаматтық белсенділігін арттыруға үндеу болып табылды. Ортақ отырыс барысында э.ғ.д., экономика құжырасының профессоры С.М.Жиентаев елдің мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен дамуының тарихи алғышарттары туралы сөз қозғады. Студенттік жастар атынан 5В050600-Экономика мамандығының 3 курс студенті Ханапина Айгерим ҚР заңнамалық билігін қалыптастырудағы жастардың орны туралы баяндамасымен шықты.  Ортақ отырыс жұмысының барысында ҚР Парламенті мәжілісінің, облыстық және қалалық маслихаттарының депутаттарын сайлауын өткізу мерзімдері мен тәртібі туралы видеороликтер көрсетілді. 
1 наурыз алғыс айту күнінде экономикалық факультеттің студенттері мен оқытушылары Қостанай қаласының балалы аналарды бейімдеу орталығына қонаққа барды.  Қайырымдылық акциясы балалар мен аналар үшін қажетті, әрі жағымды болып қана қоймай, жастар үшін де маңызды болды. Мұндай іс-шаралар өзіңнің қоғам үшін пайдалы екенінді сезінуге, азаматтық жауапкершілігінді көрсетуге және «Үлкен ел – үлкен отбасы» сөзінің мағынасын сезінуге мүмкіндік береді.   
2016 жылдың 05 наурызында №239 дәрісханада 5В051000-МЖБ мамандығының 3 курс студенттері үшін Мемлекет және бизнес  пәнінен: «Кәсіпкерлік қызметінің мемлекеттік реттеуі» атты мәселелік дәріс өткізілді. Дәрісті ұйымдастырған басқару және іскерлік әкімшілік  кафедрасының аға оқытушысы Досмакова А.Е. ЖШС «Агрофирма «ПАРАСАТ» директорының орынбасары Ёлкин К.В. қатысты.  Дәріс өте жоғары теориялық және тәжірибелік деңгейде  өткізілді. «Кәсіпкерлік қызметінің мемлекеттік реттеуі» өзекті мәселелері ортаға салынып, қызу талқыланды.    
Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 3 курс студенті Абишева Карина, Қазақстан Халқы Ассамблеясының қатысушы, 1 наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне «Озат  дарынды балалар мектеп интернатыңда» кездесуде болды. Ол Қостанай облысының этно-мәдениетінің бірліктілігін, Қазақстанның үлкен жанұя екіндігін үлкен құрметпен жеткізді.  
2016 жылдың 04 нарызында №201 дәрісханада 5В050900-Қаржы, 5В050800-Есеп және аудит, 5В051000-МЖБ мамандықтарының 2 курс студенттері үшін Қаржы  пәнінен: «Мемлекеттік бюджет» атты мәселелік дәріс өткізілді. Дәрісті ұйымдастырған қаржы және банк ісі кафедрасының аға оқытушысы Абжанова А.К.Дәріске  с участием главного специалиста отдела «Кәсіпкерлік» бөлімінің бас маманы Сейдалина Ш.А. қатысты.    Дәріс өте жоғары теориялық және тәжірибелік деңгейде  өткізілді. Мемлекеттік бюджеттің өзекті мәселелері ортаға салынып, қызу талқыланды.    
2016 жылдың 29 ақпанында, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен Сбербанк России арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт шеңберінде экономикалық факультеттің студенттері үшін қаржы және банк ісі кафедрасы ұйымдастырған «Әңгімелесуді қалайша  сәтті өтуге болады» атты мастеркласс өткізілді.  Мастер-классты «Сбербанк России» персоналмен жұмыс жасау Секторының маманы – Тулебаева Екатерина Леонидовна жүргізді. Банк қызметкерлері университет түлектері әңгімелесуді қалай өту және банк басшыларының қойатын сұрақтарына қалайша жауап беру керек екендігі жөнінен өз пікірлерімен бөлісті. Қызық та жан-жақты болған кездесу соңында студенттер  «Сбербанк России» АҚ ЕБ  белді қызметкерлеріне сұрақтар қою мүмкіншілігіне ие болды.