«Психология» мамандығының студенттері 2016 жылдың 5 наурыз күні республикалық «Қайырымдылық керуені» аясында Қостанай қ. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленуші балаларға арнап, 8 наурыз мерекесіне орай кезекті қайырымдылық акциясын өткізді.
3 курс студенттері ұйымдастырған мерекелік концертке балалар да өз әндері мен билерімен атсалысты. Мерекелік кездесу соңында «Психология» мамандығының 1-4 курстары аралығындағы білім алушылар дайындаған тәттілік өнімдер сыйлыққа таратылды.
Аға оқытушы О.В. Ельчищеваның жетекшілігімен психология және педагогика кафедрасының студенттері 2011 жылдан бастап КтБО-да еріктілер қатарына қосылып, әр апта сайын сол жерде тәрбиеленуші балалармен кездесіп, олармен әңгімелесіп, психодиагностика жасап, түзету жұмыстары мен тренингтер өткізіп тұрады. Сонымен қатар, университет оқытушылары мен студенттерді қатыстырып, Жаңа жыл, 8 наурыз, Наурыз мейрамы, Балаларды қорғау күні қарсаңында қайырымдылық іс-шаралар мен концерттер ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл балалардың қоғамға бейімделуге және бастарына түскен қиындықтарды жеңуге көмектеседі.