Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2016 ж. 6 сәуірінде бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірге «Мүлікті заңдастыру» сұрақтар мен жауаптар атты семинары өткізілді. Семинарға Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстарды басқару бөлімінің басты маманы Ерменов Бауржан Утегенович, профессорлық - оқытушы құрамы және 5В050800 - Есеп және аудит мамандығының студенттері қатысты.       Семинар кезінде мүлікті заңдастыру бойынша мәселелі сұрақтар қарастырылды. Семинарды тыңдаушылар толық ақпараттар және барлық сұрақтарға толық жауаптар алды.   
Бүгінгі күні  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне қадам басып тұрған кезде біз Елбасымыздың саясатының арқасында бақытты  өмірге қол жеткізіп отырмыз. Осы Тәуелсіздіктің ақ таңында Наурыз мерекесін кең ауқымда тойлап отырмыз!  Осындай мерекелік  іс-шара «Армысын әз – Наурыз!» атпен біздің  «Аграрлық – биологиялық» факультетінде аса үлкен ауқымда аталып өтті. Іс – шараны ұйымдастырушы  «Агрономия» мамандығына жүктелген болатын.  Бұл мерекелік концертке барлық кафедралар аса зор құлшыныспен ат  салысты. Мерекелік концертте ән мен де күйден шашу шашылып, би де биленді. Әрі қарай агрономия мамандығының І курс студенттері мерекелік көрініспен жалғастырды. Әрі қарай наурыз мейрамы дегустациялық столмен жалғасты. Әр кафедра өздерінің тәтті тағамдарын қонақтарға және студенттерге ұсынды. Енді әр кафедра өз өнерлерін көрсетті. Өте тамаша болды.    Студент жастардың салт-дәстүрді қалай білетіндері осы жерден көрініс алды. Жастармыз ата-анадан, ата-әжелерінен, алыстағы қаймағы бұзылмаған ауылдан алған бай салт-дәстүрімізді жоғары дәрежеде көрсете білді.  Барлық қазақстандықтарды, наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Кеңпейіл, дархан халқымыз, Кеңейді дәстүр салтымыз. Дәстүрін елдің сыйлаңдар, Дәстүрлі салтты тойлаңдар. Орындалсын  ойларың, Тойға ұлассын тойларың!!!   Байдильдина Сымбат, АБФ І курс студенті       са АБФ
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика факультетінің Басқару және іскерлік әкімшілік кұжырасының шақыруымен университет арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттың жүзеге асыру жоспарына сәйкес Оңтүстік - Орал «Экономика және басқару институты» доценті Сергеичева И.А. экономика ғылыми докторы , ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама бөлімі: халықаралық ынтымақтастық, тіркеуден, қашықтықтан оқыту орталығында, басқару және іскерлік әкімшілік кұжырасында. Тағылымдама барысында жоғарғы оқу араларынды халықаралық ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.  
16 ақпан 2016 ж. 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару және 5В050700-Менеджмент мамандығының студенттері ІІІ Бүкілресейлік студенттік  интернет –олимпиядасына «Экономика және басқару» (Бизнес – курс:  максимум компьютерлік іскерлік ойынды пайдалана отырып) қатысты. Олимпиада «Ғылым әлемі» ҒЗО «Бизнес – курс:  максимум» версия 1.4 компьютерлік іскерлік ойын базасында ұжымдық жарыс түрінде олимпиаданы жүргізу ережесі мен регламентіне сәйкес өткізілді.Олимпиада нәтижесі бойынша ұйыдастырушылар ректорға алғыстарын білдірді және қатысушылар Балкин Р.И., Максут А.Р., курс, Абишева К.А., Магамбетов Р. А., Кусманов Т. Б., Айтпаев К.К. сертификаттарымен мараппаталады.      
Достық үйінің интеллектуалдық қонақжайы отырысының шеңберінде 2016 жылдың 16 наурызында Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Сафар Әбдуғалиұлы Қолдыбаевтың «Казахстан: нация и национальное самосознание» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.     Кездесуге ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, азаматтық қоғам институтарының өкілдері, кітапхана қызметкерлері, облыстық орталықтың мектептері, колледждері және ЖОО-ның тарих және қоғамтану оқытушылары  қатысты.   Іс-шараның спикерлері т.ғ.к. Т.К.Нұртазенов, т.ғ.д. А.А.Айтмұхамбетов, з.ғ.к. А.Б.Бекмағамбетов, ф.ғ.к. Д.А.Качеев автордың еңбегінің Қазақстанның қазіргі философия және тарих ғылымдары үшін, мемлекеттік саясатты ілгерілету бойынша тұжырамдамалық тәсілдерді қалыптастыру үшін, этносаралық қатынастар, азаматтық бірдейлік және қоғамдағы бірлік пен келісім қағидаларын нығайту үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
Біздің студенттеріміз - «Bolashak Business Competition» республикалық сайысында екінші орын алды   2016 жылы 24-26 наурыз аралығында Астана қаласында «Bolashak Business Competition» студенттер және жас кәсіпкерлер арасындағы сайысы өтті. «Жас Атамекен» командасы құрамындағы біздің студенттеріміз, «Мехатроника» білім беру бағдарламасының бірінші жыл білім алып жатқан магистрантты Карцев Никита және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы 1 курстың студенті Мухтаров Данияр, бизнес кейстерді шешу бойынша зияткерлік ойында екінші орын алды.     Бизнес кейстерді шешу бойынша сайысы 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 136 командыларынан біздің жігіттеріміз ең мықты ондығына ілікті және финалға қатысу мүмкіндігін алды.     25 наурызда Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде Қазақстанның ең мықты командалар арасында конкурс финалы өтті. Финалдық презентациялар қорытындысы бойынша Алматыдан «DreamTeam» командасы - бірінші орын, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің «Жас Атамекен» - екінші орын, «Optimus» астаналық командасы үшінші орын алды.     Құттықтаймыз және алдағы жетістік тілейміз.