«Тәуелсіздік ұрпақтары: жастар ғылымының маңызы және дамуы»
Қалыптасқан дәстүр бойынша университетімізде өңірлік мәртебеге ие студенттік конференция өткізілді. Бүгінге дейін өткізіліп келген конференцияда бакалавриаттардың өз зерттеулерін, магистрлік, докторлық диссертациялар, сондай-ақ дипломдық жұмыстарды қорғау мақсатқа алынды. Конференцияның өзіндік бірнеше міндеттері болды. Әр факультеттен тәжірибелері нақты, әрі ғылыми қоғамдасттыққа байланысты жазылған материалдар іріктеуден өтті.
Конференция Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілді. Тақырыбы - «Тәуелсіздік ұрпақтары: жастар ғылымының маңызы және дамуы».
Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері әлемдік рейтингтерден көрініп және халықаралық беделі жоғарылай бастады. Қостанай мемлекеттік университетінің, оның ішінде студенттердің күшімен инновациялық өңірлік тақырыптарда оқу-әдістемелік, ғылыми, ақпараттық технологиялар жаңалықтары енгізілді.
Бүгінде университет ғалымдары 40-тан астам тіркелген ғылыми тақырыптармен жұмыс істеуде. 2016 жылы 10-нан астам ғылыми гранттар жүргізіліп зерттеулер бойынша 40 шаруашылық шарттары жүзеге асты.
Конференция жұмысы 7 секциядан тұрды: Аграрлық-биологиялық ; ветеринарлық және ауыл шаруашылық ғылымдары; инженерлік-техникалық; әлеуметтік-гуманитарлық; физика-математикалық; ақпараттық; экономика ғылымдары. Отырысқа оқытушылар, студенттер, магистранттар және докторанттар шақырылды. Соңында қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анықталды. 1,2 және 3 орындар иеленген қатысушылар, дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.