Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Ұлы даланың ұлағатты ұстазы           Оқу ордамызда Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлағатты ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға оқу және тәрбие жұмысының проректоры Алмасбек Әбсадық пен ақын, жазушы Ақылбек Шаямет және Серікбай Оспанов қатысты. Дөңгелек үстелдің қонақтары Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұғманов Ағыбай және Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының қызметкері Шектібаева Назгүл болды. Бас қосуда Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолы жайында айтылды. Ыбырай Алтынсарин  — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы,  жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.         Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ Журналистика  кафедрасының 2-курс студенті 
12
апр 
2016
Жүлделі оралды!             Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің 4-курс студенті Ольга Суняйкина Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен халықаралық олимпиададан жүлделі екінші орынмен оралды. Ольга «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алады.             Олимпиадаға 6 ел қатысты. Ольга Суняйкина Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, тіпті Қытай және Америка құрама штаттарының студенттерінің арасынан оқ бойы озық шығып, 2-орынды иеленді. Ал 1-орынға Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті  ие болды. Шетел филологиясы кафедрасының мұғалімдері шәкірттерінің мұндай жетістігіне дән риза. Олардың айтуынша осындай сайыстардың нәтижесінен біздің оқу орнымыздың тіл мамандарын даярлауда алдыңғы орындардың бірінде екенін байқауға болады. 
Қан тапсыр, өзгеге өмір сыйла!             Көмекке зәру жандарға қол ұшын беру «Жас Отан» жастар қанатының басты мақсаты. Ақпараттық технологиялар факультетінің бір топ студенттері осы  игі істі облыстық қан тапсыру орталығынан бастады.  Өткізіліп отырған акцияның мақсаты  «Қан тапсыр, өзгеге өмір сыйла!»  деген ұранмен қатерлі ісікке шалдыққан жандарға үміт сыйлау және осы бастамаға жастарды  тарту еді.   Еуропа елдерінде 1000 адамға 50 донордан келсе, Қазақстанда бұл көрсеткіш 18-20 адамды құрайды.  
2016 жылдың 08 сәуірі күні №309 дәрісханада экономика факультетінің ПОҚ мен магистранттары үшін "Компетенттік көзқарас - білімнің үш деңгейіне мамандар дайындаудағы жаңа парадигма» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Модераторы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінің профессоры - Есымханова Зейнегуль Клышбековна. Семинарға қатысушылардың барлықтарына біліктіліктерін  жоғарылату курсына қатысқандықтары  туралы сертификаттар тапсырылды.      
2016 жылдың 07 сәуірі күні   №305 дәрісханада  «Қаржы және банк ісі» кафедрасы өткізген пәндік олимпиадаға «Қаржы» мамандығының 2-3 курс студенттері қатысты. Олимпиада   академиялық ұтқырлық шеберлігін жетілдіру шеңберінде  өткізілді.     Олимпиада 3 турдан тұрды: тестік тапсырмаларды шығару, тақырыптық сөзжұмбақтарды шешу,  EXPO 2017 көрмесін өткізу жағдайында Қазақстан Республикасын энергиямен қамтамассыз ету мәселесін шешу жолдары. Олимпиада барысында командалар пәндер бойынша жоғары білімдерін көрсете алды, әсіресе Қазақстан Республикасын энергиямен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу жолында өздерінің авторлық ұсыныстарын жасай алды. к Олимпиада нәтижесі бойынша I орынды «Эйнштейн» командасы, ІІ орында «Тайм», ІІІ орынды «Бесстрашные» және «Эрудиттер» командалары бөлісті.  Жеңімпаздарға профессор З.К. Есымханованың атынан ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.
2016 жылдың 07 сәуірі күні №309 дәрісханада «Қаржы және банк ісі» кафедрасының  ПОҚ мен студенттердің Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Есымханова Зейнегул Клышбековнаның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.  Ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде өткен іс-шара барысында профессор З.К. Есымханова Қаржы мамандығының студенттеріне Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі  жайында дәріс оқып, кеңес берді.