Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері «Қазақстан – Қостанай» телеарнасының директоры Әлібек Татановпен кездесті. Ол кездесу барысында телевидение саласындағы оң өзгерістер туралы айтып өтті. Сонымен қатар, телевидение саласына келген журналистерге қандай талап қойылатынына да тоқталды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.  «Білікті маманның жүріп өткен жолын білу – жас маманды шыңдай түспек. Болашақта мұндай іс-шаралар жиі өткізілсе , нұр үстіне нұр болар еді»,-дейді болашақ журналистер.     
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде  «Ғылым, өндіріс, бизнес: қазіргі жағдайы мен елдің инновациялық даму жолы» тақырыбында  «Байтұрсынов оқулары – 2016»  халықаралық ғылыми - практикалық конференция өтті.     Аталмыш шара Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.  6 бөлімнен тұратын  конференция барысында әртүрлі бағыттағы 200-ге жуық баяндама тыңдалды.  «Заң ғылымындағы өзекті мәселелер»,  «Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуының заманауи үрдістері»,  «Әлеуметтік-гуманитарлық   білім  және ғылымның  өзекті мәселелері», «Ғылым , білім және тәжірибеде ақпараттық технологиялардың даму келешегі», «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің  инновациялық дамуы : ауыл шаруашылығын дамыту»  - осы және өзге де мәселелер  конференция аясында талқыланды.    
Шетел филологиясы кафедрасының жетекшілігімен студененттер, магистранттар және жас зерттеушілерге арналған «Заманауи лингвистика және лингводидактикасының өзекті мәселелері» атты   халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конфренцияға Қазақстан және Ресей студенттері мен жас зерттеушілері ат салысты. Ғылыми зерттеулер жинағына 90-ға  жуық мақала кіретін болады: когнитивтік лингвистика, салыстыру және салыстырмалы тіл білімі, шетел әдебиеттану, шет тілін  үйрету әдістемесі, аударма теориясы және пратикасы т.б. 
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бас ғимаратының акт залында көптен күткен КВН-нің шешуші сайысы болып өтті. «Ректор кубогін» алуға  АБФ «Зачет», ГӘФ «Семь к одному», ВжМШТФ «Ветеринария факультетінің құрамасы», ЭФ «Моя любимая команда» , ВжМШТФ «Типичная ветеринарка» үздік командалары бақ сынасып, тартысты ойын көрсетті.    Таныстырудан бастап-ақ өнерпаздар актерлік қабілеттерімен, әзілдерімен барша көрермендердің, сондай-ақ   қазылар алқасын тәнті етті. Жиналғандар әзіл – қалжыңға қарқ болып, өздерінің қошеметтерін аяған жоқ.  Ойыншылардың бағасын берген әділ- қазылар мүшелері: Арман Жолданов, Армен Есмаганбетов, Рач Мартиросян, Руслан Алпысбаев, Динара Утебаева және Болат Қалиев. «Сайыс болғасын жеңіс те, жеңіліс те болады» - деп бастаған баға берушілеріміз 3-орынды АБФ-нің  «Зачет» командасына, 2-орынды ВжМШФ-нің «Типичная ветеринарка» қомандаларына берсе, «Ректор кубогіне»  ГӘФ-нің «Семь к одному» командасын лайық деп таныды.    
 Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында «Журналистер шайқасы» сайысы өтті. Сайысты 3-курс студенттері 1-ші және 2-курс студенттері үшін ұйымдастырды. Олар екі кезеңнің тапсырмаларынан мүдірмей өтті. Бірінші кезеңде сайыскерлер мұғалімдер мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берсе, екінші кезеңде әртүрлі бағытта: мысалы журналистика, тарих, әдебиеттен білімдерін көрсетті. Сондай-ақ студенттердің қаншалықты БАҚ өкілдерін, телеарна логотиптерін және олардың әуендік әрлеуіштерін білетіндіктерін сынады. Сайыс қорытындысы бойынша мәреге бірінші болып 1-курс студенттері жетті.  Ал өзгелері іс-шарадан көтеріңкі көңіл күймен тарасты.    
Жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкері Рүстем Болат тарих және құқық факультетінің мұғалімдері мен студенттерімен кездесті. Кездесуде  "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру"  тақырыбына баяндама оқылды. Баяндама барысында  жемқорлыққа қарсы күресте  жастардың рөлін арттыру жайы сөз болды.  Бұл туралы стратегиялық жоспардың  қажеттілігі атап көрсетілді. Студенттер де жемқорлыққа қарсы заңды  жетілдіру жолдарын қызу талқылады.