Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің № 2 студенттер үйінде  «7-мамыр - Отан қорғаушылар күніне» арналған  салтанатты шара өтті.  Жатақханада жататын  студент қыздар  жігіттерді мерекелерімен құттықтап, оларға концерт қойды. Нәзік жандыларымыз бұл күні ерекше өнер көрсетті. Мың бұралған би, тамылжыған әуен де болды, түрлі ойындар ойнатылды. Сондай-ақ жыл бойы белсенділігімен көзге түскен студенттер   марапатталды. 
  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің №2 ғимаратында экономикалық факультеттің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының батырларына арналған «Ерлік сабағы» өтті. Аталған іс-шара   жастардың бойындағы  патриоттық сезімді күшейту, елінің, Отанының алдындағы парызы туралы ұмытпау керектігін ұғындыру  мақсатында ұйымдастырылды.   Батыр аталарымыздың  ерігі туралы ұрпақтарынан  есту іс-шараның негізгі ерекшелігі болды. Ұлы Отан соғысының ардагері Мозговой Александр Петровичтің ерліктері туралы оның немересі, экономика кафедрасының оқытушысы А. Ковалёнок баяндады.  Александр Мозговой 1942 жылы өткен Мәскеу маңындағы шайқастардың, Орша маңындағы Ельня қаласы үшін өткен шайқастардың қатысушысы болды және «За Отвагу», «За победу над Германией» медальдарымен, Отандық соғыстың 2-ші дәрежелі орденімен марапатталды. Студенттер соғыс жылдарының ауыртпалықтары туралы әңгімелерге шынайы қызығушылық танытты. Сондай-ақ, соғыс батырларының қайсарлығы мен батылдықтарын жырлайтын өлең жолдары оқылып, әндер айтылды.  «Жеңіс күні» қарсаңында экономикалық факультетінің белсенді студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері, Орталық, 3-ші Беларусь майдандарындағы шайқастардың қатысушысы Котелевский Иван Григорьевичке қонаққа барды.   Иван Григорьевич студенттерді қуана-қуана қарсы алды және соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жастардың  ел тарихына немқұрайлы қарамайтындықтарына ризашылығын айтты. 
«IT-Планета» жоғары және орта білім алып жатқан  студенттер арасында     ақпараттық технологиялар саласы бойынша халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті. Қазақстан республикасы бойынша  «Web-дизайн»  мамандығын игеруден  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенті Иванова Виктория 3-орын алды. Құттықтаймыз және оқуда жетістік тілейміз! 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері облыстық «Қостанай таңы» газетінің директоры және бас редакторы Жанұзақ Аязбековпен кездесті. Кездесуді кафедра оқытушылары ұйымдастырды. Алғашқы болып сөз кезегін алған университетіміздің оқу және тәрби ісі жөніндегі проректоры Алмасбек  Әбсадықов  кездесудің журналистер үшін маңыздылығын атап өтті.  Кездесудің қонағы Жанұзақ Аязбеков   «Қостанай таңы» газетінің тағлымды тарихынан сыр шерте отырып, Бейімбет Майлин, Мұхамеджан Сералин  сияқты қазақ баспасөзінің серкелері негізін қалап кеткен қара шаңырақтың бүгінгі тыныс – тіршілігіне тоқталды. Бас редактордың орынбасары Жұматай Кәкімжанов газеттің интернет – нұсқасы туралы толыққанды мәлімет берді. Сайттың күнделікті жаңартылып, аймақ жаңалықтарының, фоторепортаждардың жарияланып отыратынын айтып өтті. Сонымен қатар, сайтта жастарға арналған бет бар.   Жастардың шығармашылығын жариялауға мүмкіндік беретін айдарлар көпшіліктің көңілінен шығуда. Журналистік қызметтің қызығы мен қиындығы туралы сөз еткен жас тілші Жандос Жүсіпбеков болашақ әріптестерін шығармашылықпен белсенді айналысуға шақырды. Кездесу соңында Жанұзақ Аязбекұлы кафедара ұжымы мен студенттерге сәттілік тілеп, «Ағайынның арасы» атты туындысын сыйға тартты. Кафедра ұжымы да сыйға сый көрсетіп,редакция ұжымына  оқу орнымыздың  75 – жылдық мерейтойына арнап шығарылған ғылыми жинақты табыс етті. Берері мол бастаманың жыл сайынғы дәстүрге айналуына тілек білідіріп, сенім артқан студенттер мен оқытушылар, редакция ұжымы  жақсы көңіл – күймен тарасты.  
2016 жылдың 28 сәірі күні сағат 15.00-де №2 ғимараттың 103 дәрісханасында  қаржы және банк ісі кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасының ақшалай-несиелеу саясатының қазіргі жағдайы: нақтылықтары мен болашағы" атты дөңгелек үстел өтті. Оған қатысқандар: - Омарханова Ж.Т. - Ұлттық Банктің Қостанай филиалының директорының орынбасары; - Есембеков Д.Г. - Жилстройбанктың директорының орынбасары; - Досов Н.К. - Центр Кредиттің Банктың Қостанай филиалының  несие талдамашысы; - қаржы және банк ісі кафедрасының оқытушылары; - 5В050900-Қаржы мамандығының студенттері. • Дөңгелек үстел отырысының күн тәртібі      Қарастырылған сұрақтар:  мемлекеттің экономиканы ақшалай-несиелеумен реттеуінің, Қазақстан Республикасының ақшалай-несиелеу саясатының қажеттілігі және қазіргі кезеңде ақшалай-несиелеу саясатының құралдарын басқару, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы ҚР Ұлттық Банктің істеп жатқан жүйелі іс - шаралары мен құралдары.        
2016 жылдың 13 сәуірі күні Аграрлық-биологиялық факультетінде шетел ғалымдары, оқытушылар, магистранттар мен студеттердің қатысумен ҚР Ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараның қонақтары Асс.Профессор, Доктор Иззет Акча және Асс.Профессор, Доктор Ридван  Кызылкайа болды. «Байтұрсынов оқулары -2016» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысу үшін келген ғалымдар, Самсун қаласындағы өздерінің Ондокуз маис университетін және де өз бөлімдерінің ғылыми жұмыс бағыттарын таныстырды. Іс шара белсенді диалог түрінде өткізілді. Іс сапар барысында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Қостанай АШҒЗИ, Ондокуз маис Университеті және де осы университеттің Технопаркімен бидайға арналған сұйық тыңайтқыштар жиынтығына танаптық зерттеулер жүргізуге  4 жақты келісім-шартқа қол қойылды.