Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаңалықтар

2016 жылдың маусым айының басында «Назарбаев университетінің» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары басшыларын (топ-менеджерлерін) даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында Кореяның KAIST институтында бескүндік семинар өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстандағы университет басшыларының білім жүйесіндегі біліктіліктерін арттырып, Қазақстандық жоғары оқу орындардың дербестігін тәжірибе жүзінде жетілдіру болып табылады. Заманауи KAIST институты - экономиканың жоғары технологиялық секторы мен инженерия саласында зерттеулер жүргізетін, сол салаларға мамандар дайындайтын жоғары оқу орны. Әлемдік рейтингте KAIST елу озық оқу ордасының қатарында болса, Азия құрлығында ол алғашқы ондықта. Ал инженерлік сала мамандарын дайындау деңгейі бойынша KAIST әлемдегі жиырма оқу орнының қатарына енеді. Жоғарыда айтылған іс-шараға Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті атынан, оқу және тәрбие жұмысының проректоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Ахметұлы Әбсадықов пен ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрім Тұңғышбайұлы Байманқұлов қатысу құрметіне ие болды. Алмасбек Әбсадықовтың айтуы бойынша, Корея елінің жеріне алғаш рет келуі. Алған әсері шексіз. Бес күн бойы жоғары оқу орындарының  басшылары «Кәсіби даму» атты бағдарлама бойынша баяндама оқып, дәріс тыңдап, жұмыс жасады. Нәтижесінде Сеулдің батыс бөлігіне саяхат жасап, Корея халқымен, ғимараттарымен, сондай –ақ,  мәдениетімен кеңінен танысу бүмкіндігі бұйырды. Кореяда білім алуға, ғылыммен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалған. «Жоғары оқу орындары басшыларын даярлау және біліктілігін арттыру» бағыты бойынша ұйымдастырылған жалпы курстардың бірінші кезеңі – Назарбаев университетінің жоғары мектебінде, екінші кезеңі – Оңтүстік Кореяда өткізілген болса, қорытынды кезеңі осы жылдың күз мезгілінде қайтадан Назарбаев университетінде жалғасын табатын болады. Осындай тәжірибе алмасу іссапарлардың өткізілуі, жалпы Қазақстандық оқу жүйесіне берері мол. Толық ақпаратты көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар  http://abai.kz/post/view?id=8642 ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина    
2016 жылдың 1-ші шілдесі күні, Қостанай облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың азық сапасын талдау зертханасының жұмысымен танысу мақсатында келді. Зертхана 2015 жылы ветеринарлық және мал шаруашылық технологиясы факультетінде ашылған. Үш бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бірінші бағыт, оқу барысында студенттерге тәжірибе жасау мүмкіндігін берсе, екінші, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы орын, үшінші, шаруашылық қызметті көрсету мүмкіндігін береді. Зертханада  азықтың химиялық құрамын тексеру үшін, экспресс-талдаулар жүргізіледі. Зертхана Дания және Швециядан әкелінген заманауи жабдықтармен жабдықталған.   Ғылыми жұмыстар және сыртқы байланыстар жөніндегі  проректор Жеңіс Жарлығасовтың айтуы бойынша, Қостанай өңірінде осындай зертханалар аз. ҚМУ-дың зертханасы университеттің мақтанышына айналып отыр. Зертханада сүт өнімдеріне және мал азығына талдау жүргізіледі. Болашақ мамандар үшін, оқу үрдісінде теориямен қатар тәжірибенің маңызы өте зор. Өз мамандықтарының жоғары білікті мамандары болу үшін, студенттер зертханада тұрақты түрде талдау жұмыстарын жүргізулері қажет.   А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен келген, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова зертханада жұмыстар жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, университет ұжымына жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.   ҚМУ-дың баспасөз хатшысы:Алла Чечёткина
2016 жылдың 24 маусымында университетімізде ҚМУ-дің халықаралық байланыстар бөлімі ұйымдастырған семинар өтті. Іс-шараның басты тақырыбы ERASMUS+ бағдарламасы аясындағы жоба өтінімдерінің жазылуы бойынша сұрақтары болды. ERASMUS+ бағдарламасының ең басты мәселесі «жоғары білім берудің мүмкіндіктерін арттыру» тақырыбы қарастырылды. Аталған компонент ЖОО-ы мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, басқаруды жетілдіру, оқу орындарға басшылық жасау, оқытудың заманауи әдістеріне, сондай –ақ, көпжақты әріптестікке негізделіп, бағдарламалар мен оқу жоспарларын жаңғыртып әзірлеуге бағытталып, бірлескен және құрылымдық жобаларды қаржыландыруды қамтиды. Семинар барысында Еуропалық Одақ қаржыландыратын ERASMUS+ бағдарламасының халықаралық грант жобаларына қатысу үшін жобалық өтінімдерді жазумен қатар, халықаралық әріптестік саласындағы байланыстарды жақсарту туралы практикалық тақырыптар төңірегінде біраз сұрақтар қойылып, қорытынды жасалды.    ҚМУ-дің баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина  
2016 жылдың 23 маусымында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ –де «Ньютон – Әл-Фараби» үкіметаралық қазақ- британ бағдарламасы аясында зерттеу жобаларын коммерциялау бойынша тренинг өткізілді. Осы тренингтің мақсаты ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты жақсарту бойынша зерттеушілердің дағдыларын арттырып, сондай-ақ, Ұлыбританияда технологияларды тәжірибе жүзінде беру туралы ақпарат алу болып табылады. Тренингті Isis Enterprise кеңесшілері Оксфорд университетінің докторы Натан Пайк және Ева Бальтар өткізді.  Қазақстан зерттеушілеріне инновацияның көздерін тауып, оларды  коммерциализациялаумен қатар, жетілдіруді үйрету мақсаттың бірі болды.       Тренингке университет тарапынан 11 өкіл қатысты. Олар: 1. Д.Качеев -философия кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, тарих магистрі; 2.  Г.Юнусова -экология кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты; 3. Б.Ахметова - тіл және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті; 4. Д.Тошоманова - тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі; 5. Н.Манасбаева - шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардың магистрі; 6. А.Сарбасова - шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдардың магистрі; 7. Ж.Бермұхаметов - мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі; 8. Г.Абилева - биология және химия кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі; 9. Г.Ермағамбетова - информатика және математика кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі; 10. Д.Рюмин - информатика және математика кафедрасының оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі;  11. А.Абдибекова - лингвистикалық ғылыми -білім беру зертханасының меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдардың магистрі. Кездесудің нәтижесінде тренингке қатысушы зиялы қауым, халықаралық зерттеу қауымдастығында рейтинг пен абырой-беделін, өз мекемесінің зерттеу сапасын жетілдіру мүмкіндіктеріне ие болды. ҚМУ-ің баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина
15-маусым күні ҚМУ-де Тулуза ұлттық ветеринариялық мектеп (ENVT) профессорлары Пьер Санс пен Ги-Пьер Мартиномен кездесу өтті. Шетелдік қонақтар Қазақстандық оқу орындарының Тулуза ұлттық ветеринариялық мектебімен жұмыс жасауы үшін, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастырған жобасы бойынша, Қостанайға ат басын тіреді.  Жобаның мақсаты – Қазақстанның  жоғарғы оқу орындарын еуропалық деңгейге көтеру. Профессорлар біздің университетімізбен танысу барысында,  ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің оқытушыларымен кездесті. Факультеттің деканы Азамат Ибраев қонақтарды қазіргі оқу бағдарлмасынан хабардар етіп, бірқатар ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, шетелдік профессорларға облыстық ветеринарлық зертхана, ҚМУ-нің ветеринарлық клиникасы, Білім орталығы көрсетілді. Қонақтар да бейнебаян арқылы өздерінің оқу орнын біздің университет ұжымына таныстырып, ары қарай бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндіктері туралы айтты.    
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де 2016 жылдың 15 маусымында  "Жер ресурстарын меңгеру мен қоршаған ортаны қорғау аясында  орталық азия университеттерінің құзретін көтеру» атты Эразмус+  бағдарламасының щеңберінде дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырушы - аграрлы-биологиялық факультетінің деканы Ниязбек Калимов.  Ал жер мәселесіне байланысты заңдарды жиналғандарға егжей-тегжейлі түсіндірген  Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан  Абдулов .    Дөңгелек үстел барысында   жеке жер учаскілерін сату мен жалға алу сұрақтары қарастырылды.  Сонымен қатар көптеген өңдеулер мен химиялық қоспаларды қолданудан кейінгі жердің құнарлылығын жоғалтуы   және мүмкіндігінше оның алдын алу мәселелері айтылды. Қызықты сұрақтардың бірі - жеке жер аумақтарында жер қазба байлықтарының табылуы және бұл жағдайда   мемлекет тарапынан қолданылатын шаралар туралы болды.  Сұраққа 5 сантиметрден төмен жер қойнауындағы байлықтар мемлекеттікі    деген жауап қайтарылды. Ал сол жердің иесіне келісілген шамадағы өтем ақы төленеді. Аталмыш іс шара қызықты өтті. Көптеген сұрақтарға жауап алған дөңгелек үстел қатысушылары   шақырылған қонаққа алғыстарын білдірді.